Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Математика
1-
сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-
тоқсан ............................................................................................................................................... 4
1А бөлім:«Сандар мен цифрлар» .................................................................................................. 4
1В бөлім: «Геометриялық фигуралар» ....................................................................................... 19
1С бөлім: « Шамалар және өлшем бірліктері» .......................................................................... 23
2-
тоқсан ............................................................................................................................................. 27
2А бөлім: «10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту» .......................................................... 27
2В бөлім:«Сандар және заңдылықтар» ...................................................................................... 36
2С бөлім: «Шамалар және өлшем бірліктері» ........................................................................... 40
3-
тоқсан ............................................................................................................................................. 45
3А бөлім: «Сандармен амалдар орындау. Есептер» ................................................................. 45
3В бөлім: «Шамалар.Уақытты бағдарлау» ................................................................................ 52
3С бөлім:«Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. Қосу кестесін қолдану. Есептер» ........................ 55
4-
тоқсан ............................................................................................................................................. 63
4А бөлім: «Күнделікті өмірдегі есептеулер» ............................................................................. 63
4В бөлім: « Жиын және логика элементтері» ............................................................................ 69
4С бөлім: «Нысандардың орналасуы және бағыты» ................................................................ 78
3
1-
тоқсан
1А бөлім:«Сандар мен цифрлар»
Бөлімше 1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Санау барысында натурал сандардың реттік номері
анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және
кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы
орнын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
10 көлемінде тура және кері бағытта санайды
•
Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1
-
тапсырма
Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстыр.
•
10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жаз:
______________________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен
байланыстырады;
-
10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.
2
-
тапсырма
•
3 санынан кейінгі санды жаз:
•
8 санының алдында тұратын санды жаз:
Дескриптор
Білім алушы
-
3 санынан кейінгі санды жазады;
-
8 санының алдындағы санды жазады.
4
Бөлімше 1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»
Оқу мақсаты
1.1.1.
2** Бір таңбалы сандарды оқу, жазу және
салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Бір таңбалы сандарды таниды және атайды
•
10 көлеміндегі сандарды салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1
-
тапсырма
Суреттерді сәйкес сандармен байланыстырып сыз. Сандарды оқы.
Дескриптор
Білім алушы
-
заттардың санына сәйкес цифрды белгілейді;
-
сандарды дұрыс оқиды.
5
2
-
тапсырма
Үлкен және кіші доптарды санап, бос торкөздерге жаз. Сандарды салыстыр.
Дескриптор
Білім алушы
-
үлкен доптардың санын анықтайды және сәйкес цифрмен жазады;
-
кіші доптардың санын анықтайды және сәйкес цифрмен жазады;
-
сандарды салыстырады және салыстыру таңбасын дұрыс қояды.
6
Бөлімше 1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»
Оқу мақсаты
1.1.1.3** Біртаңбалы сандардың құрамын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
10 көлеміндегі сандардың құрамын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сандардың құрамын толықтырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
4 санының құрамын жазады;
- 6
санының құрамын жазады;
- 5
санының құрамын жазады.
7
Бөлімше 3.2 «Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу»
Оқу мақсаты
1.3.2.5
Заттардың кеңістікте орналасуын (оң жақта, сол
жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында,
арасында, алдында, артында) анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздерді қолданып, қоянның орнын сипаттап айт.
Тірек сөздер: оң жақта, сол жақта, үстінде, астында, арасында, алдында, артында
Дескриптор
Білім алушы
-
заттардың кеңістіктегі орнын анықтайды;
-
тірек сөздерді орынды қолданып сипаттайды.
8
Бөлімше 1.2 «Сандармен амалдарды орындау»
Оқу мақсаты
1.1.2.1
Қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың
бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу
ретінде түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Қосу амалының нәтижесін жиындардың бірігуі
ретінде көрсетеді
•
Азайту амалының нәтижесін жиынның бөлігін
ажыратып алу ретінде түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-
тапсырма
Оң жақтағы және сол жақтағы балықтарды сана. Барлығы нешеу? Өрнекті жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
балықтардың санын анықтайды;
-
нәтижесін өрнек түрінде жазады.
2-
тапсырма
Сурет бойынша азайту амалына өрнек құрастырып жаз және түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
-
сурет бойынша өрнек құрап жазады және түсіндіреді.
9
Бөлімше 1.2 «Сандармен амалдарды орындау»
Оқу мақсаты
1.1.2.5**
Ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды
ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
10 көлеміндегі сандармен қосу және азайту
амалдарын орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өрнектердің мәнін тап.
Дескриптор
Білім алушы
-
біртаңбалы сандардың қосындысының мәнін дұрыс есептейді;
-
біртаңбалы сандардың айырмасының мәнін дұрыс есептейді.
Бөлімше 1.2 «Сандармен амалдарды орындау»
Оқу мақсаты
1.1.2.3** 1-
дің қасиетін қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Есептеу барысында 1-дің қасиетін тиімді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өрнекті мәнімен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
-
санға 1-ді қосуды дұрыс орындайды;
-
саннан 1-ді азайтуды дұрыс орындайды.
Бөлімше 3.3 «Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты»
Оқу мақсаты
1.3.3.1
Сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне
қатысты орналасуын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Сан сәулесіндегі нүктелердің орнын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-
тапсырма
Сан сәулесіне белгіле:
• 2
санының оң жағындағы санды;
• 5
санының сол жағындағы санды;
•
8 бен 10 сандарының арасындағы санды жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
сандардың сан сәулесіндегі орнын анықтайды;
-
берілген сандарды сан сәулесіне белгілеп көрсетеді.
8 + 1
6 – 1
7 – 1
1 + 3
5
8
9
7
4
6
11
Бөлімше 4.3 «Тізбектер»
Оқу мақсаты
1.4.3.1** 10-
ға дейінгі сандар тізбегін және кері ретпен
сандардың тізбегін құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
10 көлеміндегі сандардың тура және кері тізбегін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Моншақтағы сандар тізбегін тура ретпен толықтыр.
•
Кері ретпен ұқсас тізбек құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
-
тізбектегі белгісіз сандарды жазады;
-
кері ретпен тізбек құрастырады.
12
Бөлімше 5.2 «Математикалық тіл»
Оқу мақсаты
1.5.2.1 Цифрды саннан ажырату, бір таңбалы сандарды
түрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен,
таяқшалармен және т.б) көрсету және сан
сәулесінде көрсету
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Сандар мен цифрларды ажыратады
•
Бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен жазып
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-
тапсырма
Шыршалардың санын цифрмен жаз. Олардың сан сәулесіндегі орнын тауып,
байланыстырып сыз.
Дескриптор
Білім алушы
-
әр суреттегі шыршалардың санын сәйкес цифрмен жазады;
-
сандарды сан сәулесіндегі орнымен сәйкестендіреді.
2
-
тапсырма
Суреттегі көгөністерді сана. Олардың санын әр түрлі тәсілмен жазып көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
-
суреттегі әр заттың санын анықтайды;
-
заттардың санын сәйкес белгілермен жазып көрсетеді.
13
Бөлімше 5.2 «Математикалық тіл»
Оқу мақсаты
1.5.1.2** Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын
ұғымдарды пайдалану/заттар арасындағы
арақашықтықты, бағытты, орналасуын
анықтайтын терминдерді қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Сандарды салыстыруда «артық», «кем», «тең»
ұғымдарын қолданады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс.
Жұбыңмен бір-біріңе кез келген сан жазылған карточканы көрсетіңдер. Көрсетілген
сандарды салыстырыңдар.
Дескриптор
Білім алушы
-
сандарды салыстырады;
-
«артық», «кем», «тең» ұғымдарын орынды қолданады.
14
Бөлімше 5.2 «Математикалық тіл»
Оқу мақсаты
1.5.2.3 Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды
салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық
аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан
сәулесін қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Сан сәулесі арқылы сандардың қатарын,
аралықтарын көрсетеді.
•
Сандарды сан сәулесінің көмегімен салыстырады.
•
Сан сәулесін пайдаланып, қосу және азайту
амалдарын орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-
тапсырма
Сандар қатарын жалғастыр. 6 санының көршілерін белгіле.
Дескриптор
Білім алушы
-
сан сәулесіне сандар қатарын толықтырады;
-
6 санының көршілерін белгілеп көрсетеді.
2
-
тапсырма
Сандарды салыстыр. Сан сәулесін пайдалан.
Дескриптор
Білім алушы
-
санның сан сәулесіндегі орнын анықтайды;
-
берілген сандарды салыстырады;
-
салыстыру таңбаларын дұрыс қояды.
15
3
-
тапсырма
Өрнектердің мәнін тап. Сан сәулесінде бейнелеп көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
-
қосындының мәнін табады;
-
айырманың мәнін табады;
-
есептеулерді сан сәулесінде бейнелеп көрсетеді.
4
-
тапсырма
Оқушы үйінен қанша қадамға алыстады? Ол мектепке дейін қанша қадам жүреді?
Дескриптор
Білім алушы
-
оқушы мен үйдің аралығын анықтайды;
-
оқушы мен мектептің аралығын анықтайды.
16
Бөлімше 5.2 «Математикалық тіл»
Оқу мақсаты
1.5.2.2** «+», «-», «>», «<», «=»
таңбаларын, цифрларды
қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• «+», «-», «>», «<», «=»
таңбаларын дұрыс
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1
-
тапсырма
Теңдік тура болатындай етіп бос торкөздерге «+» және «-» таңбаларының тиістісін жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
қосындыны анықтайды және «+» таңбасын қояды;
-
айырманы анықтайды және «-» таңбасын қояды.
2
-
тапсырма
Әр бұтақтағы сары және жасыл түсті жапырақтарды сана. Жапырақтардың санын жаз.
Сұрақ белгісінің орнына «>», «<» таңбаларының тиістісін қой.
Дескриптор
Білім алушы
-
әр түсті жапырақтардың санын анықтап, цифрмен жазады;
-
сандарды салыстырып, тиісті таңбаны қояды.
17
Бөлімше 5.2 «Математикалық тіл»
Оқу мақсаты
1.5.2.4
Қосу мен азайту амалдарының компоненттері
атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Компоненттері бойынша қосу, азайту амалдарына
өрнектер жазады және оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
1-
тапсырма
Компоненттерді өрнектердегі сәйкес сандармен байланыстырып сыз.
Дескриптор
Білім алушы
-
қосудың компоненттерін анықтайды және сәйкес сандармен
байланыстырады;
-
азайтудың компоненттерін анықтайды және сәйкес сандармен
байланыстырады.
2
-
тапсырма
Математикалық диктант. Өрнек түрінде жаз.
Азайғыш – 8, азайтқыш – 3, айырманың мәнін тап.
Бірінші қосылғыш –6, екінші қосылғыш – 4, қосындының мәнін тап.
Дескриптор
Білім алушы
-
компоненттері бойынша айырма жазады және мәнін табады;
-
компоненттері бойынша қосынды жазады және мәнін табады.
18
1В бөлім: «Геометриялық фигуралар»
Бөлімше 4.1«Жиындар және олармен орындалатын амалдар»
Оқу мақсаты
1.4.1.2
Жиындарды элементтерінің белгілері
(нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы,
әрекеті) бойынша құру және жіктеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Ортақ белгілері бойынша жиындар құрады
•
Заттарды ортақ белгілеріне қарай жиындарға
жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1
-
тапсырма
Фигураларды ортақ белгілері бойынша топтастыр.
Дескриптор
Білім алушы
-
фигураларды ортақ белгілері (түсі, пішіні, көлемі) бойынша
топтастырады.
2
-
тапсырма
Берілген суреттерді қандай жиындарға жіктеуге болады? Жиындарды ата және түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
-
суреттерді жиындарға бөледі:
-
жиындарды атайды.
19
Бөлімше 3.1 «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі»
Оқу мақсаты
1.3.1.1
Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық
және сынық сызықтар, тұйықталған және
тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты
бір-бірінен ажырату және атау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Геометриялық фигураларды ажыратады және
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1
-
тапсырма
Суретке мұқият қара. Геометриялық фигураларды атауымен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
-
геометриялық фигураларды ажыратады;
-
геометриялық фигураларды атауымен сәйкестендіріп сызады.
2
-
тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |