Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет18/48
Дата20.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#177291
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар жина ы

2-
тапсырма 
Мәтінге ат қойыңыз, идеясын анықтаңыз. 
Идеясы
Тақырыбы 
25 


ЖОБА 
Дескриптор 
Білім алушы 
 

сурет пен тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды;
 

мәтін мазмұнында тұрақты тіркестер мен көркемдегіш 
құралдарды қолданады. 
Оқу мақсаты
8.2.1.1 - 
тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды 
қолданып, ауызша мәтіндер құрау 
Бағалау критерийі 
 
 
 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
 
Білім алушы 

Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдардың 
көмегімен тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды 
Қолдану
Тапсырма 
Берілген тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қатыстырып, суреттер бойынша 
«
Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық», «Еңбек – ырыстың қазығы» тақырыптарының біріне 
ауызша мәтін құраңыз. 
Тұрақты тіркестер: жарғақ құлағы жастыққа тимеу - тыным таппау, ақ саусақ - жалқау, 
маңдай термен табу - адал еңбекпен табу, бес саусақтай білу - жетік меңгеру, он 
саусағынан өнер тамған - өнерлі, кәсібін дөңгелету - дамыту. 
Көркемдегіш құралдар: Еңбек - адамның екінші анасы. Еңбек - ата, жер - ана 
26 


ЖОБА 
Оқу мақсаты
8.3.3.1 - 
прозалық және поэзиялық шығармалардың 
композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-
әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру 
Бағалау критерийі 
 
 
 
 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
 
Тапсырма 
Білім алушы 

Шығармалардың 
композициялық 
құрылымын 
ажыратады 

Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді 
Жоғары деңгей дағдылары
 
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Барбара – супермаркет қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызметкерлердің 
жұмыстарына деген ынтасын арттыратын психолог. Бір күні офисіне Джонни есімді кісі 
телефон соғады. Дүкендердің бірінде кассада сатып алушылардың заттарын пакеттеуге 
жауапты кісі екен. Оның үстіне Down синдромының бар екенін айта келіп:
– 
Барбара, айтқандарың маған қатты ұнады – деді. Барбараның әңгімесінің ертесіне 
Джонни әкесінен компьютер алуын сұрап, компьютер қолдануды үйренуді қалайды. Үйге 
барып күнде «күннің көркем сөзін» жазып қоятын болды. Осындай сөздерді таппаған 
кезде де оларды ойдан шығаратын. Сөздердің бәрін компьютерге жазып, бірнеше көшірме 
жасап, принтерден шығарып, әрбірін кесіп, артына да өз есімін жазады. Ертеңіне сатып 
алушылардың заттарын пакетке салғанда, бір сөзден қосатын болды.
Осылайша жасаған ісін ерекше етіп жасайтын болды. Бір апта болмай жатып, 
Барбараға сол супермаркеттің директоры телефон соғады:
– 
Барбара, бүгін не болғанын айтсам – сенбейсің! Магазин аралап шықсам
Джоннидің кассасына тұрған адамдар кезегі басқа кассалардікінен 3 есе ұзын екенін 
көрдім. Мен дереу қосымша кассалардың ашылуын талап етіп ұрыса бастаған едім, сатып 
алушылар «Жоқ, біздің Джонни кассасында тұрғымыз келеді. Күннің көркем сөзін 
алғымыз келеді», - деп жауап берді. Сатып алушы бір әйел қасыма келіп «Бұрындары 
супермаркетке аптасына бір рет қана кіретін едім. Қазір жолым түскен сайын кіріп 
жүрмін. Джоннидің «күннің сөздерінен» алғым келгендігінен», - дейді. 3 ай өтіп дүкен 
директоры Барбараға қайта телефон соғады:
– 
Джонни екеуің супермаркетімізге үлкен өзгерістер әкелдіңіздер. Енді гүл сататын 
сатушымыз сынып қалған гүлдерді лақтыра салмай, жас қыздардың көйлегіне қадайтын 
болды. Ет сататын жақта сатушы ат, қой суреттерін принтерден шығарып, ет пакеттерінің 
сыртына жабыстырып сататын болды. Осының арқасында сатып алушылардың да, 
сатушылардың да көңілдері көтеріңкі болады. 
Мәтіндегі әр кейіпкерге тән 2 мінездеме беріңіз. Мінездемеге мәтін мазмұны бойынша 
дәлел келтіріңіз.
Мінездеме: еңбекқор, мейірімді, жалқау, креативті, сезімтал, шыдамсыз, сабырлы, 
жауапты, қарапайым, адал, намысшыл 
27 


ЖОБА 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет