Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата20.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#177291
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар жина ы
ТЖБ 8-кл 2 т, 348, ЛАГЕРЬ
Дескриптор 
Білім алушы
 

негізгі мәселелерді анықтайды; 

таңдалған мәселелерге өз пікірін білдіреді. 
 
66 


ЖОБА 
Оқу мақсаты
8.1.6.1 – 
тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде 
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру 
Бағалау критерийі 
 
 
 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
 
Білім алушы 

Мәтін мазмұны бойынша детальді сұрақтарға дәлелді 
жауап береді 
Қолдану 
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларға жауап беріңіз. 
Тапсырманы жұпта орындаңыз. Жауабыңызды салыстырып, толықтырыңыз. 
 
«Пирамидалық талқылау» 
Негізгі кейіпкер. 1 сөз не сөз тіркесі 
Тақырып 
Кейіпкер (жасы, мінезі, сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі 
Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?) 
Бірінші оқиға (көтерілген бір мәселе) 
Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы) 
Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер) 
Шешімі (сөз не сөз тіркесі) 
Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалды. Алғашқысында сүйікті 
ісін тастағысы келмегендіктен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан 
жарияланып кетіпті. Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып: 
«
Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр»,- дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 
ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон 
пішкенге күйіп-пісіп, «Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай?» деп 
тұрғанда, Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады. 
Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын 
мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы: 
– 
Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін. 
Бұл сен я мен үшін емес, қазақ халқы үшін керек. Байқоңырдан осынау отыз жылдың 
ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар «Біздің жерден біздің 
ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Туған халқыңның арманын 
орындаудан неге бас тартпақсың? Сен барлық жағынан дайын тұрсың... Тіпті Кеңес 
Одағының Батырысың! – дейді. 
Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Елбасының қолдауымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар 
Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүкіл 
дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық 
бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш 
кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет