ЖОБА
Дескриптор
Білім алушы
-
үзінді мазмұны бойынша мәтіннің тақырыбын анықтайды;
-
көркем шығармадан алынған үзіндінің идеясын 1-2 сөйлеммен
жазады.
Оқу мақсаты
8.1.4.1 -
орта
көлемді прозалық,
драмалық және
поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен
идеясын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. «Жылқы» сұлбасының
денесіне шығарманың идеясын,
басына
тақырыбын жазыңыз.
«…Қодар
құл оқпен атып өшін алды,
Сүйтіп қастық қылғандай несін алды.
Үйдегі Баяныма берейін деп,
Шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.
Бәрекелді! Қодардың тентегіне,
Асау күрең жүрмейді жетегіне.
Қозыкенің басы деп тастап еді,
Баян жылап салады сандығына.
Сұлу Баян қолына айна алады,
Қозыкеден айырылып қиналады.
Өзімменен қосылып зарласын деп,
Ботасы өлген боз інген түйе алады.
Баян жас бота белбеу белден шешті,
Қозыкеден айырылып қайғы түсті.
Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,
Сарыбайдың ертең тұра ауылы көшті.
Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,
Оны көріп Қодар құл қуаныш қылды.
Көш
жөнеліп кеткенін көріп тұрып,
Жұртта қалған Баянға Қодар келді.
-
Жылқыны көп жалшылар суарады,
Сені көріп көңілім қуанады.
Алған байың өлді ғой, сұлу Баян,
Енді сені мен алмай кім алады?
Баян басын көтеріп тұра келді,
Жылап тұрып Қодарға жауап берді.
44