Байланысты: алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар жина ы
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі 1- тапсырма Білім алушы •
Шығарманың тақырбы мен идеясын анықтайды
Қолдану
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Барбара – супермаркет қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызметкерлердің
жұмыстарына деген ынтасын арттыратын психолог. Бір күні офисіне Джонни есімді кісі
телефон соғады. Дүкендердің бірінде кассада сатып алушылардың заттарын пакеттеуге
жауапты кісі екен. Оның үстіне Down синдромының бар екенін айта келіп:
–
Барбара, айтқандарың маған қатты ұнады – деді. Барбараның әңгімесінің ертесіне
Джонни әкесінен компьютер алуын сұрап, компьютер қолдануды үйренуді қалайды. Үйге
барып күнде «күннің көркем сөзін» жазып қоятын болды. Осындай сөздерді таппаған
кезде де оларды ойдан шығаратын. Сөздердің бәрін компьютерге жазып, бірнеше көшірме
жасап, принтерден шығарып, әрбірін кесіп, артына да өз есімін жазады. Ертеңіне сатып
алушылардың заттарын пакетке салғанда, бір сөзден қосатын болды.
Осылайша жасаған ісін ерекше етіп жасайтын болды. Бір апта болмай жатып,
Барбараға сол супермаркеттің директоры телефон соғады:
–
Барбара, бүгін не болғанын айтсам, сенбейсің! Магазин аралап шықсам,
Джоннидің кассасына тұрған адамдар кезегі басқа кассалардікінен 3 есе ұзын екенін
көрдім. Мен дереу қосымша кассалардың ашылуын талап етіп ұрыса бастаған едім, сатып
алушылар «Жоқ, біздің Джонни кассасында тұрғымыз келеді. Күннің көркем сөзін
алғымыз келеді», - деп жауап берді. Сатып алушы бір әйел қасыма келіп: «Бұрындары
супермаркетке аптасына бір рет қана кіретін едім. Қазір жолым түскен сайын кіріп
жүрмін. Джоннидің «күннің сөздерінен» алғым келгендігінен», - дейді. 3 ай өткен соң
дүкен директоры Барбараға қайта телефон соғады:
–
Джонни екеуің супермаркетімізге үлкен өзгерістер әкелдіңіздер. Енді гүл сататын
сатушымыз сынып қалған гүлдерді лақтыра салмай, жас қыздардың көйлегіне қадайтын
болды. Ет сататын жақта сатушы ат, қой суреттерін принтерден шығарып, ет пакеттерінің
сыртына жабыстырып сататын болды. Осының арқасында сатып алушылардың да,
сатушылардың да көңілдері көтеріңкі болады.
Мәтін мамзұнына қатысты оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Мәтіндегі оқиғалар
Реті
Джоннидің кассасына адамдар ұзын кезекте тұрады.
Жылы сөздер жазылған қағаздарды тұтынушылардың сөмкелеріне
салады.
Гүл сатушылардың сыйлығы
Сауда үйіндегі тұтынушы әйелдің пікірі
24
ЖОБА Дескриптор
Білім алушы -
мәтіндегі оқиғалардың ретін санмен белгілейді;
-
мәтінге тақырып қояды;
-
мәтіннің идеясын 1-2 сөйлеммен анықтайды.