Дескриптор
Білім алушы
-
өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтайды;
-
мысалдар келтіріп, ойын дәлелдейді;
-
шығарма кейіпкерін адамгершілік тұрғыдан талдайды.
-
ЖОБА
20
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Оқу мақсаты
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін
ашып, үзінділерді жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкер бейнесін ашады
Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Шығармадағы Қазтуған бейнесін танытатын жолдарды анықтаңыз. Шығарма
үзінділерін қолдана отырып, кейіпкер бейнесін сомдаңыз.
_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
шығармадан кейіпкер бейнесін танытатын
жолдарды анықтайды;
-
шығарма үзінділерін жатқа қолданады;
-
кейіпкер бейнесін сомдайды.
ЖОБА
21
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Оқу мақсаты
7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора,
анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық
сұрақ) қолданысын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды
анықтайды
Көркемдегіш құралдардың қолданылу
ерекшелігін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты тауып,
анықтамасын беріңіз.
Еділді алса –
елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса -
жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса -
ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
Дескриптор
Білім алушы
-
шығарма үзіндісінен аллитерация мен ассонансты,
риторикалық сұрақты анықтайды;
-
оларға анықтама береді.
2-тапсырма
Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонанстың, риторикалық сұрақтың
қолданылу ерекшелігін, шығармадағы маңыздылығын талдаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
аллитерация мен ассонанстың қолданылу ерекшелігін
анықтап жазады;
-
шығармадағы риторикалық сұрақтың қолданысын
талдайды.
ЖОБА
22
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Оқу мақсаты
7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы
шағын сыни шолу жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды
Сыни шолу жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Берілген үзіндіні негізге ала отырып,
ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтаңыз. Ойыңызды жинақтап, сыни шолу
жасаңыз.
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Сыни шолу
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!
Дескриптор
Білім алушы
-
шығарманы эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды;
-
ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды;
-
сыни шолу жасайды.
ЖОБА
23
2-тоқсан
Бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты
7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін
талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін
талдайды
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарма сюжеті бойынша құрамдас бөлшектеріне талдау жасаңыз.
Дереккөз: https://surak.szh.kz/217584/
1) Өлеңде ақын «Сол себепті қорқамын!» деген жолды бірнеше рет қайталайды. Автор
неден қорықты деп ойлайсыз?
2) «Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.» - деп, ақын қай заман туралы айтып отыр? Оның «зар заман»
деуінің мәні неде?
3) Шығарманың мына бөлігін талдап көріңіз. Халық қандай күй кешіп отыр деп ойлайсыз?
Байлар ұрлық қылады,
Мал түзіне көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
Жеті жұрт кеткен қожадан
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайыңа сыйынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмен дат жазып,
Өлместің де қамын қыл
Басың сотқа ілінбей.
Дескриптор
Білім алушы
-
шығарманың негізгі ойын анықтайды;
-
шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді;
-
шығарма бөлшектерін талдайды.
ЖОБА
24
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор
бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Автор бейнесін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңыз. Автор бейнесін анықтауда ойыңызды
мысалдармен дәлелдеңіз.
Дереккөз: https://surak.szh.kz/217584/
Авторға тән қасиеттер
Автор бейнесі
Дескриптор
Білім алушы
-
автор бейнесін анықтайды;
-
өз ойын мысалдармен дәлелдейді.
ЖОБА
25
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,
үзінділерді жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
Достарыңызбен бөлісу: |