Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім нені қолданады - белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады.
Оқыту мен оқудың заманауи әдістері не нәрсеге аса мән береді- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалану
Оқыту барысында қандай мәселелерді ескерген жөн: - сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысу
Бір сабақта мұғалім неше жаттығуды жоспарлай алады- 4--5 қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлайды
Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысқанда оқушылар есіне нені салып тұрады- сабақ мақсатын
Сыныптық жұмыстан жұптық жұмысқа ауысу, немесе басқаша оқушылардың оқуына қалай көмектеседі- тапсырманы түсінуге көмектеседі
Мұғалім тым көп сөйлесе оқу үдерісінде не байқалады- оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады.
Оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс-ҚБ
ҚБ барысында оқушыларда қандай дағды мен қабілет қалыптасады-өз оқу жетістіктеріне өзі бақылау жасайды
Бұл бағалаудың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алатын бағалау- ҚБ
Мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отыратын бағалау-ҚБ
Қай бағалау бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді. -ҚБ
Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі:
1. оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау критерийлерін анық жазады;
2 оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларға қатысты дескрипторлар құрастырады;
3 оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады;
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру кезінде қандай топтарда жұмыс істеу ұсынылады. – жеке,жұптық,топтық
ҚБ қағидаттары:
1 қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
2 бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);
3 оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
4 әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;