Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру әдістемесі


ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі450,9 Kb.
#174135
1   2   3
Байланысты:
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру әдістемесі.

ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.

Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері

  • Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері
  • - оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
  • - оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • - оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;
  • - оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
  • - оқыту және оқу үдерісінде бірлескен оқуды қолдайтын ынтымақтастық ортасын құру;
  • - оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.

Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
кері байланыс ұсыну
оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

Жиынтық бағалау

  • Жиынтық бағалау
  • Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларындағы бөлім/ортақ тақырып және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда жүргізілетін бағалау түрі. Жиынтық бағалау нәтижелері мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға балл, баға арқылы ұсынылады. Бұл оқушының белгілі бір кезеңдегі оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыпты аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жүргізу тәртібі жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік нұсқаулықтарда ұсынылған. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқушының оқу бағдарламасының мазмұнын білуі, түсінуі, игерген дағдылары туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет