2 қадам - лимфоцит: рибосома, митохондрия, цитоплазма, эндоплазмалық тор, ядросы дөңгелек және ірі.
3 қадам – Лейкоцитарлық формула.
Лейкоциттер 2 топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулоциттер (түйіршіксіз). Гранулоциттер тобына нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер кіреді, ал агранулоциттерге лимфоциттер және моноциттер кіреді.
Лейкоциттердің пайыздық көрсеткішінің формуласы лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады.
Лейкоциттер
саны
1 мкл
|
Гранулоциттер
|
Агранулоциттер
|
Нейтрофилдер
|
Эозинофилдер
|
Базофилдер
|
Миело-
циттер
|
Мета-
миело
цит
(жас)
|
таяқша
Ядролы
|
Сегмент
ядролы
|
Лимфо
циттер
|
Моно
циттер
|
4000-9000
|
0
|
0-1
|
1-5
|
45-70
|
1-5
|
0-1
|
20-40
|
2-10
|
Лимфоциттер мөлшері орташа есеппен 25-30% құрайды, қызметі – иммундық серпіліске катысады: В-лимфоциттер антидене өндіреді, Т-лимфоциттер иммундық серпілісті реттейді және өспе жасушаларын жояды.
№3 бекеттің жауаптары
№ 1.
1 қадам – Білектің алдыңғы бетіндегі беткей бұлшықеттері: дөңгелек пронатор (m. pronator teres), білезіктің шыбықтық бүккіші (m. flexor carpi radialis), ұзын алақандық бұлшықет (m. palmaris longus), білезіктің шынтақтық бүккіші (m. flexor carpi ulnaris), саусақтардың беткей бүккіші (m. flexor digitorum superficialis).
2 қадам – Биологиялық мембрана (А) мен жасуша қабығының (Б) құрылысы
1-липид молекуласы; 2-билипид қабаты; 3-интегральды белоктар; 4-шеткі белоктар;
5-жартылай интегральды белоктар; 6-гликокаликс; 7-мембрана асты қабаты; 8-актинді микрофиламенттер; 9-микротүтікшелер; 10-аралық филаменттер; 11-гликопротеиндер
мен гликолипидтердегі көмірсулардың молекулалары.
Достарыңызбен бөлісу: |