|
Қалыпты анатомия кафедрасы
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
|
044-42/11
044-63/11
044-53/11
64 беттің беті
|
ОҚТЕ арналған әдістемелік нұсқау
|
Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан
(ОҚТЕ) тәжірибелік дағдысын бағалаудың әдістемелік нұсқауы
Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»
Пән: «Морфология және физиология негіздері»
Курс – І курс
Шымкент 2018
Құрастырғандар:
1.Орманбаев К.С- ОҚМА қалыпты анатомия кафедрасының аға оқытушысы.
2.Тоймбетова К.А. - ОҚМА патологиялық анатомия және гистология кафедрасының аға оқытушысы.
3.Үрінбай Ж.С.- ОҚМА қалыпты және патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы.
«Тәжірибелік дағдыларды ОҚТЕ технологияларын меңгеру білімдерін аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру» туралы әдістемелік нұсқауы қалыпты анатомия, патологиялық анатомия және гистология, қалыпты және патологиялық физиология кафедралардың мәжілісінде қаралды.
«_____»_____2018 хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі,
м.ғ.к., проф. м.а. Танабаев Б.Д.
«____»_________2018ж хаттама № ____
Кафедра меңгерушісінің м.а., доцент м.а. ___________ Досыбаев Б.К.
«_____»_____2018 хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі , м.ғ.к., доцент м.а. Бисимбаева С.Б.
«Тәжірибелік дағдыларды ОҚТЕ технологияларын меңгеру білімдерін аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру» туралы әдістемелік нұсқауы ОҚМА АҚ Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді.
«_____»_____2018 хаттама № ____
1. КІРІСПЕ
Тәжірибелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалар тізімі анатомия, гистология және физиологияны зерттеудің негізгі әдістерімен қабылдау 3 кезеңді қамтиды. Интегративтік көзқарас студенттердің қадамдық әрекеті арқылы қамтамасыз етіледі: 1-ші қадам – қалыпты анатомия, екіншісі – гистология, үшіншісі - физиологиядан тапсырмалар жатады. Әрбір практикалық тапсырма тиісті тапсырманы орындау үшін қажетті анатомиялық муляждармен, таблицалармен, планшеттермен,микроскоптармен, гистологиялық микропрепараттармен, электрондық микрофотографиялармен, суреттермен, схемалармен және зертханалық жабдығымен арнайы жабдықталған жұмыс орнына (станцияға) бағытталады. Әр станцияның өтуі 5 минутқа созылады, барлық тапсырмаларды емтихан тапсырушы 15 минут ішінде аяқтауы керек.
Емтихан нәтижелерін бағалау студенттің барлық үш кезеңде алған баллдарының сомасына негізделеді. Барлық станцияларды өтіп жатқанда, емтихан тапсырушы 10 баллдан - 20 балл жинау қажетті.
ОҚТЕ үшін ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстары:
• емтиханға жіберілген студенттердің санын анықтау;
• әрбір кезеңге тәуелсіз емтихан алушыларды анықтау;
• аудиторияны дайындау, практикалық дағдыларды аттестациялау үшін жауапты оқытушы мен лаборанттың анықтамасы;
• тиісті тапсырманы орындау үшін қажетті дайындықтармен; препараттармен, есептермен, суреттермен, схемалармен және зертханалық жабдықпен жабдықталған жұмыс орындарын ұйымдастыру;
• ОҚТЕ үшін құжаттама дайындауға (ереже 1-3, анкеталар, хаттамалар, емтихан парақтары, әр кезеңде студенттер үшін тапсырмалар, емтихан қабылдаушыға ақпарат парағы, әр бір қадам тапсырмаларын есептеу критериилері және баллдық бағасы, емтихан тапсырушының аттестаттау парағы, ОҚТЕ нәтижесін бағалау критериилері) қажет.
Қорытынды нәтижелер:
Студент міндетті:
Білу:
- тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен топографиясы және нерв жүйесінің жалпы құрылысы;
- гистологиялық және физиологиялық препараттармен және басқа да оқу құралдарымен жұмыс жасаудың негізгі әдістері;
- жасушаның құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуы;
- түрлі тіндердің гистологиялық және физиологиялық ерекшеліктері;
- эмбрионалдық гистогенез;
- бұлшықет тінінің құрылымы, жіктелуі және функциялары;
- синапстардың морфофункционалдық сипаттамалары;
- жұлынның қызметі;
- сезім органдарының құрылымы мен функциялары;
- ұтымды тамақтанудың негізі;
- қан айналымы жүйесінің физиологиясы;
- эндокриндік бездердің құрылымы және функциясы.
- медициналық практикада кеңінен қолданылатын салауатты органның әр түрлі функцияларын, зерттеу әдістерін мәнін;
- адам денесінің қалыпты өмірінің негізгі мәселелерін.
Жасай білу:
- сүйектердің, олардың қосылыстарының, бұлшықеттердің, нерв жүйесінің бөліктерін тауып көрсету;
- гистологиялық микро препараттар мен электрондық микрофотоларды диагностикалау;
- гистологиялық құрылымдардың суретін салуды;
- жас ерекшелігі бойынша әртүрлі тіндердің ерекшеліктерін анықтау;
- адамда бақылау жургізу, эксперименталдық жануарларда зертханалық жұмыстарды орындау, хаттамаларды жасау, нәтижелерді талдау;
- сау адамның өмірлік физиологиялық ерекшеліктерін бағалау.
Тәжірибеде қолдана білу:
- мәйіттік материалда сүйектер, бұлшықеттер мен шандырларды препараттау;
• гистологиялық микро препараттардың микроскопиясы
• гистологиялық құрылымдарды суреттеу
• физиологиялық зерттеулер
• дене температурасын өлшеу;
• қан қысымын өлшеу;
• пульстің жылдамдығын анықтау
2. Емтихан тапсырушыға ақпарат
• Емтихан кезінде студент хатшыда тіркеледі, аттестацияланған парақты алады, бірінші станцияға жақындайды, тапсырманы алады және оны орындауға кіріседі, содан кейін сатылардың өту жоспарына сәйкес сол схемаға сүйенеді;
• Тапсырманы орындау кезінде студент:
- критерийлерде көрсетілген іс-әрекеттердің кезектілігін қадағалау;
- тапсырмаларды орындау кезінде өзінің іс-әрекеттеріне нақты және қысқаша түсініктеме беру;
- тапсырма үшін бөлінген уақытты бақылау;
• 3-4 минуттан артық тапсырма кезеңін орындаған кезде, емтихан тапсырушы іс-әрекеттерін талдап, келесі қадамдарды орындайды:
- 1-кезеңді тапсыру барысында студент анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсетеді, гистологиялық микропрепаратты диагноздайды, зертханалық жұмыстардың барысын қысқаша түсіндіреді, зертханалық жабдықты пайдалана отырып, қорытынды жасайды;
- 2 кезеңнің тапсырмасы аяқталған кезде студент анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсетеді, гистологиялық суретті салады және белгілейді, құрылымдық элементтерді немесе физиологиялық процестерді қысқаша талдау жүргізеді, ұсынылған «дыбыссыз» схемаларды және суреттерді қолданады, қорытынды жасайды;
- 3 кезеңнің тапсырмасы аяқталған кезде, студент анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсетеді, электронды микрофотографияны диагноздайды, олардың функционалдық және физиологиялық ерекшеліктерін атайды.
3. Емтихан алушыға арналған ақпарат
• Танысу «Ереже ОҚМА студенттердің жетістіктерін қорытынды бақылауда, тәжірибелік дағдыларды ОҚТЕ технологияларын меңгеру білімдерін аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру» туралы әдістемелік нұсқаулар.
• осы нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес сатылардың жабдықтарын тексереді.
• емтихан алушы емтихан тапсырушылардың тапсырмаларды орындау барысында, тәжірибелік дағдылар мен ептіліктерін бағалауда әдістемелік нұсқауларға сәйкес басшылық етеді.
• емтихан алушы емтихан тапсырушыға қадам кезеңдерін тапсырудағы әрекеттерін объективті бағалау үшін жауапты болып табылады.
• кезеңдегі тапсырмаларды қадаммен орындалуын бағалап емтихан парағына (8-тармақ қараңыз) балл қойылады, кезеңдегі жалпы балл сомасын бағалап қадам аттестаттау парағына (9-тармақ) балл қойылады, параққа қол қойылып студентке беріледі.
4. Кезеңдердің құрылымдық сызбасы
5. Тапсырмалардың тізімі
№
|
Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмалар
|
Төменгі балл
|
Жоғарғы балл
|
уақыт,
мин
|
1
|
1қадам – анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсету;
2қадам - гистологиялық микропрепараттардың диагностикасы;
3 қадам- қысқаша лабораториялық талдау жасау, нәтижені интерпретациялау, қорытындылау.
|
1,0
1,5
1,5
|
2,0
3,0
3,0
|
2,0
3,0
2,0
|
2
|
1қадам– анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсету;
2қадам - гистологиялық құрылымдардың суретін салу
3 қадам- құрылымдық элементтерді немесе физиологиялық үрдістерді талдау, қорытынды жасау.
|
1,0
1,0
1,0
|
2,0
2,0
2,0
|
2,0
3,0
2,0
|
3
|
1қадам– анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсету;
2қадам - электронды микрофотографиялардың диагностикасы
3қадам – физиологиялық түсінік және функционалдық ерекшеліктердің сипаттамасы.
|
1,0
1,0
1,0
|
2,0
2,0
2,0
|
2,0
2,0
2,0
|
|
Модул бойынша Min, max балы
|
10
|
20
|
20
|
Әр қайсысы 3 тәжірибелік есептен тұратын 15 вариант (билеттер) түрінде үш этап бойынша тапсырмалар тізімі
№ 1 бекетіне арналған тапсырмалар
1 қадам – анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсетіңіз;
2 қадам – гистологиялық микропрепараттар диагностикасы;
3 қадам – лабораториялық жұмыс барысын түсіндіріңіз, қорытынды жасаңыз.
№ 1
1 қадам – төбе сүйектің бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – адам қанының жағындысында эозинофилді анықтау.
3 қадам – артериялық пульсты анықтау, қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
№ 2
1 қадам – бел омыртқаның бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – адам қанының жағындысында лимфоцитті анықтау
3 қадам -адамда артериялық қысымды өлшеу (Коротков әдісімен), қалыпты жағдайда АҚ көрсеткіші.
№ 3
1 қадам – төс-бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – сперматозоидты анықтаңыз.
3қадам – вегетативті көзжүрек рефлексін (Ашнер) зерттейтін жұмысты түсіндіру, қорытынды жасаңыз.
№ 4
1 қадам – шынтақ сүйектің бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – кеңірдектегі гиалинді шеміршекті анықтау.
3қадам–тыныс аритмиясын (Геринг рефлексі) зерттейтін жұмысты түсіндіру, қорытынды жасаңыз.
№ 5
1 қадам – жамбас сүйектің бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – адам қанының жағындысында нейтрофилді анықтау.
3 қадам - саусақтан қан алу техникасын түсіндіру, қорытынды жасау.
№ 6
1 қадам – білезік сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – адам қанының жағындысында базофилді анықтау.
3 қадам - калориметриялық әдіс бойынша қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау (Сали гемометр көмегімен), қалыпты жағдайда ерлер мен әйелдерде Hb мөлшері.
№ 7
1 қадам – қабырға бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – адам қанының жағындысында эритроциттерді анықтау.
3қадам - ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) Панченков әдісі бойынша зерттейтін жұмыстың өту барысын түсіндіру. Ерлер мен әйелдердің ЭТЖ-ның қалыпты көрсеткіші.
№ 8
1 қадам – тілерсек сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – адам қанының жағындысында тромбоциттерді анықтау.
3 қадам - қан кету ұзақтығын анықтайтын (Дюке бойынша) жұмыстың барысын түсіндіру, қорытынды жасау.
№ 9
1 қадам – орталық және шеткері нерв жүйесінің бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – жұлын нейроциттерінде базофилді затты анықтау
3 қадам – орталықтан тежелу (Сеченов бойынша), қорытынды жасау.
№ 10
1 қадам - рефлекс доғасының бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – миелинді нерв талшықтарын анықтау.
3 қадам - электроэнцефалография. электроэнцефалограмманың негізгі ритмдерін талдау
№ 11
1 қадам – бет сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – көздің қасан қабығының көп қабатты эпителиін анықтау
3 қадам - көру өткірлігін зерттеу, қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
№ 12
1 қадам – ми сауытының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын анықтау.
3 қадам - көру аймағын анықтау, қорытынды жасау.
№ 13
1 қадам – жоғарғы белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – қабыршақты (пластинкалы) сүйек тінін анықтау.
3 қадам - дауыстың сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттеу, қорытынды жасаңыз.
№ 14
1 қадам – омыртқа жотасының бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – саусақта көп қабатты қабыршақтанушы тері эпителийін анықтау.
3 қадам - тері сезімталдығының кеңістік табалдырығын (эстезиометрия) анықтау, дененің әртүрлі аймағындағы сандық көрсеткіштері.
№ 15
1 қадам - шайнау бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – қаңқалық бұлшықет тінін анықтау.
3 қадам - жоғары және төмен температураның әсеріне терморецепторлерінің бейімделуін зерттеу, қорытынды жасаңыз.
№2 бекет тапсырмалары
1 қадам – анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсетіңіз;
2 қадам – гистологиялық суреттерді анықтаңыз және суретін салыңыз.
3 қадам – құрылымдық элемент немесе физиологиялық үрдісті негіздеңіз.
№ 1
1 қадам – мойынның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – жүрек бұлшықетін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер.
3 қадам – бұлшықеттің дара жиырылуын талдау.
№ 2
1 қадам – кеуденің жергілікті, меншікті бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – саркомердың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – тісті тетанус
№ 3
1 қадам – жамбас белдеуінің артқы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – тегіс бұлшықет тінін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – тегіс тетанус
№ 4
1 қадам – нерв жасушаның құрама бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз;
2 қадам – синапстың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер.
3 қадам – синапс –түсінік, синапстық берілу кезеңдері.
№ 5
1 қадам – диафрагма және оның бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – миелинді нерв талшығының суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3қадам – соматикалық рефлекс рефлекторлық доғасының құрылымын талдау, қорытынды жасау.
№ 6
1 қадам – сан бұлшықеттерінің медиалды тобын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – миелинсіз нерв талшығының суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – термометрия, дененің белгілі аймағында қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
№ 7
1 қадам – иық буынының байламын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – қоңыр адипоциттың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – адам ағзасындағы жылу өндіру механизмдері.
№ 8
1 қадам – ұршық буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – ақ адипоциттың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – адам ағзасындағы жылудың берілу механизмдері.
№ 9
1 қадам – тізе буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – эритроциттың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – негізгі алмасу, оны анықтау әдістері.
№ 10
1 қадам – самай- төменгі жақ буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – нейтрофилдың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – лейкоцитарлық формула, ауруға диагноз қоюдағы маңызы, нейтрофилдердің саны және қызметі.
№ 11
1 қадам – буындардағы біліктік қозғалыс түрлерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – тромбоциттың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – қан ұюының схемасы.
№ 12
1 қадам – шат симфизінің байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – эозонофилдың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – лейкоцитарлық формула, ауруға диагноз қоюдағы маңызы, эозинофилдердің саны және қызметі.
№ 13
1 қадам – омыртқа аралық буындарының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – базофилдың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – лейкоцитарлық формула, ауруға диагноз қоюдағы маңызы, базофилдердің саны және қызметі.
№ 14
1 қадам – шынтақ буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – моноциттың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – лейкоцитарлық формула, ауруға диагноз қоюдағы маңызы, моноциттердің саны және қызметі.
№ 15
1 қадам – акромион – бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – лимфоциттың суретін салыңдар және гистологиялық суретке анықтама беріңдер
3 қадам – лейкоцитарлық формула, ауруға диагноз қоюдағы маңызы, лимфоциттердің саны және қызметі.
№3 бекет тапсырмалары
1 қадам – анатомиялық препараттың бөліктерін атап көрсетіңіз;
2 қадам – электрондық микрофотографияларды диагностикалау.
3 қадам –физиологиялық түсінік және функционалдық ерекшеліктердің сипаттамасы.
№ 1
1 қадам – білектің алдыңғы бетінің беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – биологиялық мембрана (А) мен жасуша қабығының (Б)құрылысы.
3 қадам – ауыз қуысының дәмсезу белгілерінің ерекшеліктері (тілдің дәм сезу кестесі).
№ 2
1 қадам – иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – жасушадағы торлы аппарат (Гольджи аппараты).
3 қадам – адамның сіңірлік проприоцептивтік шынтақтық рефлексі.
№ 3
1 қадам – сан бұлшықеттерінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – метафаза сатысында жасушаның митоздық бөлінуі
3 қадам – адамның сіңірлік проприоцептивтік тізелік рефлексі.
№ 4
1 қадам – сирақтың артқы бетінің беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – аналық жыныс жасушасының құрылысы
3 қадам – адамның сіңірлік проприоцептивтік ахилл рефлексі.
№ 5
1 қадам – іш бұлшықеттерінің алдыңғы-бүйір бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – сперматозоидтың құрылысының схемасы
3 қадам – адамның сіңірлік проприоцептивтік іш қуыстық рефлексі.
№ 6
1 қадам – аяқ басы табанының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2 қадам – өңештің көпқатарлы кірпікшелі эпителиі
3 қадам – адамның сіңірлік проприоцептивтік табандық рефлексі.
№ 7
Достарыңызбен бөлісу: |