Қалыпты анатомия кафедрасы Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы



бет4/35
Дата10.11.2019
өлшемі3,38 Mb.
#51510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ОСПЭ 1курс ОМ каз



Сали гемометрі
1 — стандартты гематин хлориді ерітіндісі бар пробирка; 2 — гемоглобин санын анықтауға арналған пробирка; 3 — қанға арналған пипетка; 4 — суға арналған пипетка; 5 — араластыруға арналған таяқша.

7



1 қадам - Қабырғада (costa) басын (caput costae), мойнын (collum costae) және денесін (corpus costae) ажыратады. Қабырға басында қабырға басының буындық беті (facies articularis capitis costae) бар. Қабырға мойнының жоғарғы бетінде қабырға мойнының қыры (crista colli costae) бар. Қабырға денесінің сыртқы бетін (facies externa corporis costae) және ішкі бетін (facies interna corporis costae)ажыратады. Ішкі бетінде қабырға жүлгесі (sulcus costae) бар.
2 қадам



Препарат - Адам қанының жағындысы.

Романовский-Гимза әдісімен боялған.


Эритроцит – құрамында сілтілік ақуыздың (Нb) көптігінен жасуша қызғылт түске боялған (эозинофилия) жасушаның орталық бөлігінің әлсіз боялуы эритроциттің пішініне байланысты.




3 қадам - Панченков әдісі бойынша эритроциттердің тұну жылдамдығын ЭТЖ анықтау.

ЭТЖ-н Панченков құралының көмегімен анықтайды.

ЭТЖ – түтіктердің тік жағдайында анықталады, себебі көлденең жағдайда эритроциттің тұнуы және жабысуы ұлғаяды. Саусақтан алынған қанды натрий цитраты қосындысымен араластырады.

Капиллярларды Панченков штативіне орналастырып, қан төгілмеу үшін төменгі бөлігін жұмсақ резеңке пластинкаға (тығынға) жабыстырады. 1 сағаттан соң тұнған қанның мөлдір сарысу деңгейінің биіктігін белгілейді.



Қалыпты жағдайда қандағы ЭТЖ ерлерде: 1 –10 мм/сағ, әйелдерде: 2-15 мм/сағ тең.

8



1 қадам- Асық топай сүйек(talus), өкше сүйек(calcaneus), қайықтәрізді сүйек os naviculare), медиальды(os cuneiforme mediale), латеральды (os cuneiforme laterale), және аралық (os cuneiforme intermedium) сына тәрізді сүйектер, текше сүйек(os cuboideum).

.

2 қадам





Препарат - Адам қанының жағындысындағы тромбоцит.

Романовский-Гимза әдісімен боялған.


Тромбоцит (1) – пішіні әлсіз көрінеді, аздаған топтар құрайды, қасында таяқша ядролы нейтрофил (2) көрінеді.

Цитоплазмасы дәнді (грануломер), базофилді, цитоплазманың перифериясы әлсіз боялған.




3 қадам – Қан ағу ұзақтығын анықтау. (Дюке бойынша уколдық сынама)

Саусақтың етін инемен терең тесу қажет. Әр 30 с сайын жараны фильтрлі қағазбен басады. Фильтрлі қағазға қан жұқпағанша басып, уақытын белгілеп алады. Қанның тоқтауы ақ тромбоциттердің түзілуіне және қанның ұюына, тромбоциттердің мөлшеріне байланысты. Қанның ұю уақытына қан тамырының жиырылуы да әсер етеді. Бұл тромбоциттерден бөлінетін тамырды жиырылтушы зат серотонинге байланысты.

Қан ағу ұзақтығы қалыпты жағдайда 2—4 мин.

9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет