Қалыпты анатомия кафедрасы Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы



бет3/35
Дата10.11.2019
өлшемі3,38 Mb.
#51510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ОСПЭ 1курс ОМ каз


3 қадам – Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді. Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады.

Басым көпшілігінде тамыр соғысы бірнеше ретке баяулауы тиіс. Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.

Вегетативтік рефлекстің көрсеткіштері ВЖЖ –нің парасимпатикалық бөлімінің жүрек-тамыр жүйесіне нақты әсерін көрсетеді.


5



1 қадам – Жамбас сүйегі (os coxae) 3 сүйектен тұрады : мықын сүйегі (os ilium), шонданай сүйегі (os ischii) және шат сүйегі (os pubis). Мықын сүйегінде денесін (corpus ossis ilii) және қанатын (ala ossis ilii) ажыратады. Шонданай сүйегінде денесін (corpus ossis ischii) және бұтағын (ramus ossis ischii) ажыратады. Шат сүйегінде денесін (corpus ossis pubis), жоғарғы бұтағын (ramus superior ossis pubis) және төмеңгі бұтағын (ramus inferior ossis pubis) ажыратады.
2 қадам



Препарат- Адам қанының жағындысындағы нейтрофилдер.

Романовский-Гимза әдісімен боялған.


Нейтрофилдер (1) -3-5 сегментті ядродан тұрады.

Ядросы тығыз базофилді боялған.

Ұсақ азурофильді түйіршіктер – қызғыш-көк, ал арнайы түйіршіктер – сары қызғылт боялған.




3 қадам - Саусақтан қан алу әдісі.

Жұмыс жасалмас бұрын студент асептиканың барлық қағидаларын ұстану қажет. Қанды әдетте сол қолдың IV саусағынан алады. Саусақтың терісін спирттің эфирлік қоспасымен сүртеді. Сонан соң саусақты артқы және алақан жағын бірнеше рет қысып, саусақтан скарификатордың көмегімен теседі. Алғашқы қанды құрғақ мақтамен сүртіп тастайды. Қанның жаңа тамшысы пайда болған кезде, тамшының негізіне капиллярды жақындатып «К» белгісіне дейін тартып алады. Жұмыс аяқталған соң жараға йод жағады да, спиртке малынған мақта тампонымен жауып тастайды.

Саусақтан қан алу әдісін білу түрлі қан талдауларында маңызды.

6



1 қадам- Қайық тәрізді сүйек (os scaphodeum), жартыай тәрізді сүйек(os lunatum), үшқырлы сүйек(os triquetrum), бұршақ тәрізді сүйек(os pisiforme), трапеция сүйек(os trapezium), трапеция тәрізді сүйек(os trapezoideum), басты сүйек(os capitatum), ілмек тәрізді сүйек(os hamatum).
2 қадам



Препарат - Адам қанының жағындысындағы базофилдер.

Романовский-Гимза әдісімен боялған.


Базофилдер (1)-3 бөлікшеден тұратын, S әріпке ұқсас базофилді тығыз ядросы бар. Метохроматикалық боялған (қызғылт-көкшілден қараға дейін) әртүрлі мөлшерлі түйіршіктері бар.

Ядросы көбінесе түйіршіктермен ұштасқан.


3 қадам - Қандағы гемоглобин мөлшерін калориметр әдісімен анықтау.

Калориметр әдісімен қандағы Нb деңгейін анықтау үшін Сали гемометрі қолданылады. Саусақтан алынған қанды HCL ерітіндісімен араластырып эритроциттерді ыдыратып, құрамындағы гемоглобиндерді сарысуға шығарады. Стандартты гематин ерітіндісімен салыстыра отырып зерттелетін қанның Hb мөлшерін анықтайды.



Қалыпты жағдайда қандағы Нb ерлерде: 130 – 160 г/л, әйелдерде: 120 – 140 г/л тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет