3 қадам – Көздің көру аймағын анықтау.
Көздің көру аймағын Форстер периметрі көмегімен анықтайды. Периметр градусқа бөлінген жартылай шеңберден тұрады. Периметрді жарыққа қарсы қойып, зерттелуші адамды жарыққа кері отырғызады.
Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға оң көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек. Зерттелуші маркалардың қозғалысының бағытын ғана емес, түсін нақты айту керек.
Содан кейін сол көзді тура осылай анықтайды.
Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.
Форстер периметрі.
1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;
2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.
№ 13
Достарыңызбен бөлісу: |