Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу Қашықтықтан оқыту



Дата26.05.2020
өлшемі165,5 Kb.
#71234
түріСабақ
Байланысты:
матем 5 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу

Қашықтықтан оқыту

Күні: 07.05.20ж

Пәні: Математика

Әдіскер: Нурбаева К.А.

______________



Тәжірибе жинақтаушы: Қайратқызы А.


Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

2.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерін бөлу жəне олардан композиция құрастыру.

2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен жəне сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу) ,анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сəйкес əрекет жасау.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын айқындайтын нұсқаулыққа сəйкес əрекет жасау.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жазық фигуралардың модельдерін бөлу жəне олардан композиция құрастыру.

Кейбір оқушылар:

  • Берілген өлшемдері бойынша фигуралардың ұзындықтары өзгергенде периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру.

Бағалау критерийі

Оқушылар:

  • Торкөз қағазға нұсқаулық бойынша фигура салады.

  • Төртбұрыш периметрін есептейді.

  • Шаршының өлшемдерін табады.

Ресурстар

Оқулық,тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, слайд.

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

Жоспарланған

уақыт




Ресурстар


Сабақтың басы 7 минут


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу.

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Саған сабақ үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Қиын,әрі қызықты,

Математика болатын.

1.Үй тапсырмасы. 2. Телесабақты көру.




Психологиялық ахуал


Жаңа білім

3 минут

Сенің меңгеретінің:

  • Торкөз қағазға фигураларды салуды үйренесің.

Жаңа тақырыпты ашу.

Торкөз бойынша қалай сурет салуға болады? (теңіз жануарлары)


Түсіндіру




Сабақтың ортасы 15 минут


Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Сурет салуды нүктеден (.) баста және әр қадамыңды жаз.



Дескриптор:

  • Сурет салуды нүктеден бастайды;

  • Әр қадамын жазады.

Практикалық жұмыс.

2-тапсырма.

Қайықтың желкені АВСD төртбұрыш пішініне ие.


АВ қабырғасының ұзындығы 6 м, ВС қабырғасының ұзындығы АВ қабырғасынан 3 м ұзын. Ал СD қабырғасының ұзындығы ВС қабырғасынан 4 м қысқа, бірақ АD қабырғасынан 1 м ұзын. Қайық желкенінің периметрін тап.



АВ = 6м
ВС – ? АВ қабырғасынан 3м ұзын
СD – ? ВС қабырғасынан 4м қысқа
АD - ?, СD қабырғасынан ? 1м ұзын.
Р = ? м

Шешуі: 6+3=9м(BC) 9-4=5м(CD) 5-1=4м(AD)

P=6+9+5+4=24м



Жауабы: қайық желкенінің периметрі  24 метрге тең.
Сергіту сәті. Фигуралардың ең үлкенін сары түспен, ең кішісін қызыл түспен бояңыз.



3-тапсырма.

Қабырғаларының ұзындығы берілгеннен 3 см артық фигуралар сыз. Олардың периметрін тап.



Ұзындығы –4 см


Ені – 2см
Р = ? см

Шешуі: P=(7+5)*2=24cм

Ұзындығы –3 см


Р = ? см Шешуі: P=6*4=24 см
Жауабы: 24=24

Дескриптор:

  • Торкөз қағазға нұсқаулық бойынша фигура салады.

  • Төртбұрыш периметрін есептейді.

  • Шаршының өлшемдерін табады.

Оқулық


Тапсырмалар


Сабақтың соңы

Бағалау

4 минут


Кері байланыс.Бағалау.



Рефлексия



Үйге тапсырма: 4-тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет