2.3.1.5 - берілген периметрі бойынша жазық фигуралар сызу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:берілген периметрі бойынша жазық фигуралар сызып, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіре алады.
Көптеген оқушылар: көпбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп периметрлерін таба алады.
Кейбір оқушылар: логикалық тапсырмаларды орындай алады.
Бағалау критерийлері
- берілген периметрі бойынша жазық фигуралар сызып, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіреді;
-көпбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп периметрлерін табады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Жаңа тақырыпты ашу «Жасырын сөз» әдісі арқылы жүреді.
- Берілген мысалдардың мәнін кему ретімен орналастырып, жасырын сөзді тап.
13+42 -У 4*8 -Р 30:5 -А
54-23 -А 40: 8-Л 36:4 -А
35:5 -С 35+49-Г 92+77-Ф
24:3-Р 61-39-Л 74+39-И
21:7-У
-Ендеше бүгінгі сабағымызда фигуралар салып, периметрін, қабырғаларын табуға есептер шығаратын боламыз.
Сабақ мақсатын таныстыру.
Ширату жаттығуларын жасайды.
Берілген мысалдардың мәнін есептейді.
Мәндерін кему ретімен орналастырып, жасырын сөзді табады.
Тақырыпты ашады.