(Ұ) 1- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Периметрін тап.
Р=(1м+2м)*2=6м
Р=5дм+5дм+10дм+10дм=30 дм
Р=2м+2м+3м+2м+2м+3м=14м
Ә) Фигуралардың қабырғаларын өлше. Осындай фигуралар сыз. Оларды латын әріптерімен белгіле. Берілген фигуралардың периметрін есепте.
Р =(2м+3м)*2=10м
Р =2м+2м+6м+6м=16м
Дескриптор: - Фигуралардың периметрін табады. - Фигуралардың қабырғаларын өлшейді.
- Фигуралар сызады, латын әріптерімен белгілейді.
-Берілген фигуралардың периметрін есептейді.
Саралау тәсілі: «Қарқын»әдісі арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға: Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Қаражорға» әуенімен жаттығу жасайды.
(Д) 2- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Тапсырмаларды орында.
1)Қабырғалары 6см,4см болатын тіктөртбұрыш сыз. Оның периметрін есепте.
Р=(6см+4см)*2=20см
2) Тіктөртбұрыштың әрбір қабырғасын 2 см кеміт. Осы тіктөртбұрышты сыз. Перимтрін есепте. Ол қалай өзгерді? Түсіндір.
Р=(4см+2см)*2=12см
Ж: Периметрі 12см болды, 8см-ге кеміді.
Ә) Мәліметтерді пайдаланып, «Неше есе артық...?» сұрағымен екі амалмен шығатын есептер құрастыр.
1) Теңізге шомылуға таңертең 8 бала, түсте таңертеңге қарағанда 16 бала артық келді. Түсте таңертеңге қарағанда неше есе артық бала келді?
2) Лагерьге бірінші күні 7 бала, ал екінші күні 20 және 8 бала келді. Екінші күні бірінші күнге қарағанда неше есе артық бала келді?
Дескриптор:
- Қабырғалары 6см,4см болатын тіктөртбұрыш сызып, оның периметрін есептейді.
- Тіктөртбұрыштың әрбір қабырғасын 2 см кемітіп, тіктөртбұрыш сызады.
-Тіктөртбұрыштың перимтрін есептеп, оның қалай өзгергенін түсіндіреді.
- Мәліметтерді пайдаланып, «Неше есе артық...?» сұрағымен екі амалмен шығатын есептер құрастырады.