СОӨЖ тапсырмалары: 1. Топырақтың санитарлық-бактериологиялық жағдайын бағалау критерийлері. Топырақты санитарлық-бактериологиялық зерттеу кезінде қолданылатын қоректік орталар, оларға себу әдістері.
Санитарлық химиялық көрсеткіштерге топырақтағы аммиактың, нитриттердің және нитраттардың болуы жатады. Азоттың қосылыстарының болуына қарап топырақтың ластану ұзақтығын анықтауға болады. Егер топырақтың құрамында аммиак пен нитриттер көп болса, ластану салыстырмалы түрде жақында болған, ал тек нитраттар ғана болса, онда ластану бұрын болған және нитрификациялық реакциясы аяқталғанын көрсетеді.