АЛКИНДЕР АЛКИНДЕР Алкиндердің жалпы құрылымдық формуласы.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp - гибридтенген күйде болады. Ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180° бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдарымен арасында екі π-байланыс түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан тұрады.
АЛКИНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЛКИНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Үш байланыстың (С = С) ұзындығы 0,120 нм (қос байланыстан да қысқарақ екеніне көңіл аударыңдар), байланыс энергиясы 830 кДж/моль.
Физикалық қаcиеттері Агрегаттық күйлері C2H2 – C4H8 - газ
С5Н10 – С17H34 - сұйық
С18Н36-дан бастап қатты заттар
Химиялық қасиеттері
Гидрлеу
СН2 = СН2 + Н2 → СН3СН3
катализаторлар: Рt, Pd, Ni. Лебедев ережесі бойынша қос байланыс жанында сутегінің орнын басқан радикалдар аз болған сайын олефиндер оңайырақ гидрленеді, себебі гидрлену үшін катализаторда олефин молекулалары адсорбцияланады.