МАҚСАТЫ Алкиндердің номенклатурасы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары және олардың құрылымы жайында түсіндіру, нақты жағдаяттарға пікірталас ұйымдастыру арқылы тыңдаушының интелектуальды ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
АЛКИНДЕР Алкиндер – құрамында бір-үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnH2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин немесе ацетилен С2H2. Оның химиялық формуласын ұсынған – П. Бертло (1860 жылы). Бірінші мүшесі ацетиленнен С2H2 басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектер деп те аталады.