Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет



Дата18.02.2017
өлшемі82,64 Kb.
#10004
АЛЛАНЫҢ АРҚАДАҒЫ ҮЙІ
Немесе Керекудегі керемет

(Әкім Ғалымжан Бәзілжанұлы Жақияновқа ашық хат)


Құрметті бауырым Ғалымжан!

Тәуелсіздігіміздің тізгіні өзімізге тигелі емін – еркін күйініп үйренсек те, көңіл көлеңкесінсіз ағыл тегіл сүйіне білуді ұмытып бара жатқандаймыз. Рас, тарихымыздың өкіндіретін тұстары басым. Бірақ жұбанышсыз да ел емеспіз. Өзіңнің рухани ұстазың Абай айтқандай, “дүние үнемі өкініштен тұрады”, Күйініштің – сүйініші, қайғының – қуанышы, торығудың – тәубесі бар Әйтпесе, мына жалғанның тұтар тұтқасы, ұстанар ұстыны, мейірленер медеті болмас еді. Сондай сүйінішті бір игілікті ұлы істің – Мәшһүр Жүсіп айтқандай “дүниеде көп жасағаннан көрген бір қызықтың” куәсі болғанымдық саған жазған хатым арқылы жалпақ жұртқа жария еткім келіп отыр. Қазақтың құлақ күйі түзеле бастапты.

Тәубе.

Сенімен менің ғана емес, исі қазақ елінің ұлы медеті – тәуелсіздік!



Өз басым қазіргі әрбір азаматтың қадір – қасиетін, жан дүниесін, рухани бекзаттылығын сол тәуелсіздікке қосқан үлесімен бағалаймын. Мен үшін елдің еркіндігі жолында табанынынан таусылған мүттәйімнің ұлтанын бүтіндеу үшін бір шеге қағып берген Етікші – нағыз ер. Өйткені ол шеге – бір адамның ғана емес исі бостандығымыздың топсысын нығайту үшін қағылған қасиетті шеге деп есептеймін!

Ол шеге еркін елдің ерікті ұлы қаққан шеге!

Егерде әр адам еліміздің сөгілген қабырғасын бүтіндеп, мұңтажды тұсыеа бір шеге боп қағылса, онда ұлтымыздың іргесі ешқашанда сөгілмес еді. Халық мұңын мұңдаған жазушылар да күңіріне, түңіле сөйлемес еді. Біз де қайбір жетісіп жүр дейсің. Бірақ әр кезде көрсеткен мінезіңмен, айтқан сөзіңмен елдің қас – қабағын білдіріп, сес танытқың келеді. Сірә, саған да сондай мінез көрсеткен шақтарым болды – ау деп ойлаймын. Олар есіңде есіңде қалды ма, жоқ па, жалпы Тұрсын Жұртбай деген адам аты сен үшін қандай да бір мағынаға ин ме, жоқ па ол жағын білмеймін. Әйтеуір осы жұрт қазақтың қалам ұстағандарының қатарына қосатын тәрізді. Соған қарағнада еленбейтін ебелек, көрінбейтін көбелек, сөзінің салмағы мен дәмі кеткен дуыздың қатарына жатпайтын сияқтымыз. Сондықтан да ойымды ашық хат арқылы білдіруге жазушы ретінде құқым бар ғой деп есептеймін. Себебі…

Ертіс өңірінің түлегі болғандықтан да мен сенің ат жалын тартып мініп, ел тізгініне қол созғанынан бергі әр қадамыңды, әр танысыңды, тіпті көптің ішінде келтіп бара жатқандығы сымға тартқан сүйк сымбаты мен алымды қаршыға сияқты тез қозғалатын сергек мойныңның оңға – солға бұрылғандығына дейін қадаңалап, қарап жүрмін. Ашылып, ағынан жарылып сөйлесудің де сәті түспеді. Ағасынып мен де құшақ жаймадым, інсініп сен де сәлем бермедің. Алғашққы жылдары атасы ел ұстаған, әкесі сөз ұстаған азаматтың тұқымы еді, тез шираса екен деп тіледім.

Сен заманыңа орай тез түлеп, болат тұяқ тас түлекке айналады. Заман тазы бір сілкінгенде шүйіле шарықтап Ел иесінің киелі тағына отырдың. Нық және сенімді, еш жалтақсыз өз көшіңді бастап кеттің. Сұңғыла ісіңе сүйіндік!.. Бірақ бармақ тістеткен кезіңде аз болған жоқ. Әсіресе Абайдың даналық дариясына бастаған Н. В. Гоголь атындағы кітапхананың жүз елу жылдан бері мүшкілді мүсәпірлікпен кешкен жүдеу күйі жүретіме тікендей қадала жүрді.Ол тікен әлі суырылған жоқ.

Алайда сен оның есесін Абай тойын өткізген шақта толық қайырдың. Ұлы салтанат үзіле жаздаған, тойдан түңілген сәтте сенің іскерлігінің нәтижесінде қаңырап қалған құрылыстарға жан біті. Абай рухының бүгілген тізесі жазылды, иілге басы көтерілді. Сен де еңсеңді түзедің және содан үлкен сабақ алып, бойыңа сіңіре серпілдің.

Бұл той – саған ұлы сабақ болды. Тойтартқан туралы арнайы пікір алысып, тұжырым жасауға ұмтылған “Жұлдыздағы” сұхбаттар барысындағы ойлар мен ұсыныстарды көңіліңе алып қалыпты деп естісем де, ресми немесе ауызекі әңгімеде алдыма көлденең тартпадың. Ол – той иесі саған, сенімен менің туған еліме қаратыла айтылған уәж емес, мұқым қазақ қауымын тоқтау салған салауат сөзі еді. Содан кейін талай той өтті. Бірақ Абайдың тойы қайталанбайтын салтанат деңгейінде өтті. Той тағылымы туралы кітабыңды парақтап шықтым. Алайда тереңдеп оқып, сырыңды сезінуге жұқарған қалтаның тесік түбі мұрша бермеді.

Ақиқаты сол – Абай тойымен қатар сенің де саяси – көсемдік жолың басылды. Сол “тар жол тайғақ кешуден”, қысталаң да қауырт науқаннан сүрінбей өткеніңе сүйндім. Топшың бекіді, томағаң қайырылды қмау терің алынды. Саясат мұхитында кемең өрге жүзді. Мұның барлығы әуелі Алла, содан кейін Абайдың аруағы саған жар болғанының нышаны еді. Сені күткен келесі бір белес – Мұхтар Әуезовтың ғасырлық тойы еді. Сонда сенің бар қабілетің ашылып, аршынды алымың, ер тынысың көрінетін шығар. Сыналар тұсы осы ара – деп шағымды шағыңды күткем. Бірақ саған Семей өңірінде өзінің бастап, өзінің аяқтайтын “толық той” өткізуді алла тағлам нәсіп етпепті. Абай тойын алдыңғылар бастап, тастап кеткенде келіп, соңын оңғартып әкеттің. Мұхтардың мерей мерекесін оңды бастап – ақ ең, соңында… Семейіміз тарап тынды. Оған сенің еш кінәң жоқ. Ал Алматыдағы министр күндерің менің есімде қалмапты.Мүмкін үлкен қазанның ішінде бір қайнап алғаның өзіңе дұрыс болған да шығар. Әйтпесе “аймақтық дәрежедегі көсем” деген пікір қалыптасып қалар ма еді, кім білсін. “Ақ үйдегілердің” ондай да мінездері бар. Шамшыл да кірпияз, үйірне сырттан күлкі қоса бермейтін, кәдімгі тісқаққан дәбірлер ғой, олар. Сол жылдардағы менің саған деген сүйінішім мен назым сондай адал таза әрі бауырлық базынаға толы еді. Елің саған риза боп, елжірей есіне алған сайын сенің де жандүниеңді түсіне жүруге тырыстым.

Білмегеніме, түсінбегеніме Дәулеттің Сейсені мен Кеңесбайдың Талғаты қол үздік жасады. Оларға да рахмет. Сен Кереку өңіріне әкім боп тағайындалғанда халықаралық дәрежедегі дау – дамай мен буырқанысы аса қуатты жанартаудың үстіне барды – ау! – деп кәдімгідей қыпылдап қалғаным рас. Оны несіне жасырайын. Шындығын айтсам, алыптар мен алпауыттар жағаласқан, Чубайс пен шынацы істің мүддесі тоғысқан осынау аймықтың жанталасына тыныш тыныс әкелетініңе және сол жерде өндірілген бір күрек кеніш пен өндірілген бір тамшы мұнайдың тәуелсіз қазақ еліне қызымет ететін иштей иланғым келді. Оған өзіңнің заманыңның және соған орый құбылған заңның тілін білетін “тамыршылардың” – “жаңа қазақтығының” кепілдік берді. Шынына көшсем, мен сол Алланың өкпесіне найзаша қадалған мұржалардың көрі, Ертіс өңірінің руханиятының тағдыры және соған деген сен ұстанатын саясат қатты алыңдатып еді. Өйткені 1986 – 1996 жылдардың аралығында осы өңірді аттылы – жаяу аралап, мен өзім атын қойған, Жеңіс Марданұлы жанкештілікпен шығарған “Дауа” газеті арқылы ел санасын оятуға ұмтылып ек. Жеңістің “Шежіресі” соның айғағы (Әттең, дайын тұрған екінші кітабы тартпасында қалды марқұмның). Бүгін ұмытылғанмен ертең ел есіне түсірер істер атқарылып еді. “Жыл сайын бір ұлы адамның тойын тойлмаса, керекуліктердің іші пісіп кетеді” – деп қалжыңдаушы едім достарыма.

Ақиқаты солай ғой. Алла – тағалам бар марқасқаны бір өңірге қалай қоздатып төге салған десеңші! Қаныштың тойын дүние жүзілік деңгейде, Исаны халықаралық дәрежеде дәуірлетіп өткіздің. Қайырлы істің зайырынберсін. Алда жыл сайын өткізетін марапаттарың күтіп тұр. Оралбек Қожанов ағаңның қолтығынан демесең - өзі де қамшы салдыра қоймас. Дүниеде ақынның өз еліне қайтып оралуынан артық құтты ырым жоқ. Ақжолтай Аманжол ақынның Керекуге қайтып оралуы өзіңнің мәмілеңсіз жүзеге аспағаны анық. Ағаңыздың жылы ұясы құтты болсын. Бұл да үлгі. Бұл ісің де сүйіндірді. Бәріміз де бақыт іздеп, мқсат қуып, өмір қанатында жан – жаққа ұшып кеттік қой. Түбінде бір сабыр табатын шақ туар.Сонда намыз бен әкеміз өмір берген өңірден құтты қоныс табылса, ұшқан ұяңа ұя басқанға не жетсін. Науқанға айналдырар іс емес, бірақ, көлеңкемізбен де көкөрімдердің көкірегіне тіршілік тәжірибесінің шыбығын ексек, қарттықтың парызы өтелмей ме.

Жә!

Өзің туралы осындай ойлардың жетегінде жүргенде Машһүр Жүсіп мешітінің ашылу салтанатына шақырылғанда кәдімгіндей ынтамен барғым келді. Мәшекең – нағыз Алланың ықыласы түскен әулие (ғылым арқылы дүниенің сырын білген, Алланың ықыласына бөленген толық мұсылманды әулие – дейді), пайғамбрымыздың шапағаты тиген ғұлама, тәубесін тағдырына айналдырған құдайдың нақ адал құлы, елінің рухани байлығын бойына жиған “Месі” еді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің мешіттің алғашқы кірпішін қалағаны туралы хабарды естіп, арқаланып қалған едім. Енді соның сәті түсті.!



Сәті түскенде қандай! Талай тамашамен таңғажайыпты көріп жүріп дәл осы жолға сапардай марқайып, ындынып қанып, ризашылық сезімге бөленіп көрмеппін. Мекке түгілі өмірі шет елге шығып көрмеген маған бұл сапар қажылық сапарындай әсер етті.

Ғаламжан бауырым! Келгендер сені сынарлақтай емес, сен келгендерді сынайтындай киелі іс бітіріпсің. Кімнің сынына кім толған, бірақ бұл жолы ақыл – парасаты іскерлігі, - ішкі сыры мен сымбаты сай кемеліне келген кемер азамат, нағыз Жер иесі мен Ел Иесі алдымнан шықты. Жандүниеңнің ажары бетіңе нұрлана шырай беріпті. Бұрын жалынды, жан қуаты мол өжет те алғы жігіт сияқты боп көрінуші едің. Енді еңсеңе – мыс, екпініңе – тегеурін, ажарыңа – айбат бітіпті. Нағыз заманның қансонарына түсетін ақылыңа қайратың сай зар күйіңе түсіпсің. Есіңде болсын, пенде атаулының мұндай айдынды да айбынды шағы өте сирек кездеседі әрі ең қиыны – сол бабыңды сақтап қалу. Мен білгенде бұл қазақта Олжастың ғана қолынан келді. Әдетте, әкім туралы айтқанда оның пенде екенін ұмытып, атқарған еңбегін тізіп шығамыз жан – дүниесіне үңілмейміз. Менің ойымша осындай шғымды шақта адамның ажары мен еңсесіне, қабағы мен жанарына, психологиясына терең үңілу шарт. Қандай болмасын үлкен істі аяқтағанда сол адамның бет - әлпетіне үңіле қарайтын әдетім бар. Өйткені, сол істі ықыласыз бітіріп, шаршап шалдығып, оған қараған өзіңді де шаршатып тынатында бар. Керісінше бар ажары сыртына теуіп, аз да болса бітірген шаруаснанан ләззат алатындар да ба. Екеуі де заңды құбылыс. Менің байқағаным және көзімнің анық жеткені:

Машһүр Жүсіп – Алланың ықыласы ауған, пайғамбардың шапағаты тиген, құдайдың адал құлы екен;

Машһүр Жүсіп Алла тілегін берген пенде, пайғамбар мүбәрәк еткен үмметекен.

Сол Машһүр Жүсіп әулиеге Алланың арқадағы үйін сен де пейіліңмен тұрғызған екенсің және ашылу рәсімін соған сай өткіздің.

Мешіт ғимараты қазақ елінің керекудегі кереметіне айналыпты.

Бәрі де қайырлы болып Алланың нұры жаусын.

Сүйер ұлың болса – сен сүй,

Сүйінерге жарар ол, - деген сөзді Абай осындай сәтте айтқан шығар.

Ғалымжан бауырым! Сен ұлт сүйінетін іс істепсің. Толысқан, байырқалаған, қасиеттенген екенсің. Үш күнге созылған рәсімнің әр қайсысы орын орынымен істелгені сондай, таңдай қағып, тәубеге келуден басқа алаң болмады. Әр істің өзі бір юірімен қиюын тауып, қиыннан қиысып жатты. Қалай ретін келтірген және бәрі ниетімен атқарып жатты. Нысаналық мәні бар көк жібек жалаулы қақпа – Қазақстанның, ақ жібек жалауы қақпа – Алланың қақпасының бейнесінде ашылуы, қаз – қатар тізіліп “Лә-илла-һи ил-лал-ла!” – деп тұрған бүлдіршін сейіттер Мәшһүр Жүсіп мешітін Алланың жердегі қоңырауындай күмбірлетіп жіберді. 10 мың адам үздіксз кіргенде ауасы тарылмаған кеңістігін айтсаңшы! Ағаш бесіктен жер бесікке дейінгі, яғни, фәниден бақиға дейінгі имани дәстүрді өткізуге арналған ғибадатқаналрдың өзі де пейілімен ойластырылған. Әрине, мұнда көптің пейілі мен ықылас тілегі бар. Сол жамиғат тілегінің басын қосып, ұқсатып ұстап, жомарт көңілмен қатал билікпен Алланың үйін көзімізге көрсеткенің үшін саған рахмет!

Бітер істің басына, жақсы келер қасына - дейді қазақ атамыз. Біліп айтқан. Мемлекеттік хатшы, Әулие Мәшһүр Жүсіптің бүгінгі бейнелерінің бірі, ғұлама Әбіш Кекілбаевтің сол күндердегі әр сөзінің өзінен қасиет сезіліп тұрғаны да ғанибет! Сөзі ұтымды болғанымен, даусы шіңкілдеп тұрса, не Алланың алдына ағынан жарылуға сескеніп қағаздан көзін алмаса – ол сөзден әсер алар екен? Әбіш ағамыздың өзі де мінәжаттың мазмұнына айналып кеткенінің өзі жақсы ырым. Алла ісіне дем берсін.

Бауырым! Бұл хатты мен сені марапаттау үшін жазып отырған жоқ. Мұндай ұлы қуанышты жалпақ еліміз жаппай білсін, кешке дейін “жоқ!” деп жоқтауын асыра бермей мақтанып, еңсемізді көтеріп, жанымызға жұбаныш табайық! Деген ниетті көздедім. Екінші, “жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деген. “Ел аралаған сыншы!” келеді емес пе. Ескере жүретіндей ескертпелер де бар еді. Бірақ игі істің садағасына атадым оны.



Сен елдің бірлік кірпіші болып қаланған ел иесі – көсемі дәрежесіне жетіпсің. Енді сен қаланған жерден жел соқпайтынына сенемін. Мешіттің ашылу мінажаты өтіп жатқанда жеңіл ғана дем алған ақ жауын бүркіп тұрды. Мәшекеңнің немересі – Қуандық ғылым Сейіт пен Қабікен бесеуіміз Ертістің айдынына тиүскен кемпірқосақ – шұғылны көрдік. Алланың нұры Ертіс бойына құйылып тұр екен. Исі елеміз Алланың нұрына бөленсін. Алла жар!
Сәлеммен жазушы Тұрсын Жұртбай.

8.10.2001 ж. Астана.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет