Аллергия. Аллергияның түрлері мен даму механизмі



бет34/48
Дата29.01.2022
өлшемі55,54 Kb.
#115661
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
Tolyk pat fiz

Қабынудың патогенезі. Қабыну өзара байланысты және бір мезетте өтетін үш түрлі құбылыспен сипатталады. Қабынудың компоненттері:1. Алтерация 2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері 3. Пролиферация Алтерация – зақымдану - жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері.Алғашқы алтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды. Салдарлық алтерация – алғашқы алтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістері сатылары, олардың патогенезі:1)Қысқа мерзімді қантамырлардың тарылуы – ишемия ;2) Артериялық гиперемия ;3) Веналық гиперемия;4) Стаз. Экссудация – қанның нәруызы бар сұйық бөлігінің және формалық элементтерінің қабыну ошағына шығуы .Экссудацияның патогенезі:тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы мен қылтамырлар мен венулаларда гидростатикалық қысымның артуы және қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның артуы.Қабыну ошағына шыққан сұйықтық экссудат деп аталады. Лейкоциттер эмиграциясы – қабыну ошағына лейкоциттердің шығуы.Фагоцитоз –микроорганизмдерді жұтып, қорыту үрдісі. Фагоцитоз сатылары: жақындасу, жабысу, жұту, қорыту.Пролиферация ( лат. рroliferatio – көбею) – дәнекер тіндердіңжасушалық бөлшектерінің көбеюі. Пролиферациядағы негізгі рөл макрофагтарда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет