Анемия. Анемияның жіктелу принциптері.Анемия немесе қан аздық деп – қан көлемінің бірлігімен салыстырғанда эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерінің азаюын айтады. Анемия әр түрлі аурулардан, уланудан қан құрауға қатысатын факторлардың жеткіліксіздінінен, жілік майындағы гипоплазмиядан, эритроциттер гемолизінен тағы басқалардан пайда болады.Жілік майының функциялық күйіне сәйкес анемияның түрлері: Регенеративтік –жілік майының гиперплазиясымен, эритроцитердің күшті бөлінуімен сипатталады. Көп қан кеткенде және эритроциттер гемолизинде байқалады.Гипрогенеративті-эритропоэз бұзылады немес зардап шегеді.Қан құрайтың факторлардың жеткіліксіздігінен немес организмде темірдің аздығынан авитаминоздардан,ашығудан,үнемі қансыраудан, уланудан және инфекциялық аурулардан эритропоэз бұзылуы мүмкін.Арегенеративті-жілік майының функциясы едәуір тежеліп эритропоэз процесі мүлде тоқтауы мүмкін.Жілік кемігі сарғайады.Бұл формада организм өлумен аяқталады.Дизэритропоэздік-жілік майының ішіндегі гемолиз салдарынан бүлінеді.