Аллергия. Аллергияның түрлері мен даму механизмі


Аурудың жіктелу принциптері мен сипаттамасы



бет7/48
Дата29.01.2022
өлшемі55,54 Kb.
#115661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Tolyk pat fiz

Аурудың жіктелу принциптері мен сипаттамасы.Ауру – ол дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен және биологиялық, әлеуметтік мүмкіндектері төмендеумен көрінетін тұтас организмнің жаңа сапалы жағдайы. Аурудың себебі болып аурудың арнаулы қасиеттерің шақыратын басты этиологиялық фактор табылады. Жиі түрде аурудың дамуын бір емес, бірнеше факторлардың әсерімен байланыстырады. Мысалы, өкпенің крупозды пневмониясы даму үшін жағымсыз эмоциялар, дұрыс тамақтанбау, суық тию, қатты қалжырап шаршау ықпал етуі мүмкін. Бірақ организмге пневмококк түспеуінше аталған факторлар өкпенің қабынуын шақыра алмайды. Сондықтан бұл аурудың себебіне пневмококк жатады. Аурудың келесі себептерін ажыратады:1)Механикалық факторлар (жарақат, қысылу);2)Физикалық факторлар (дыбыс, барометрлік қысымның өзгеруі, жоғары немесе төмен температураның әсері);3)Химиялык факторлар (алкоголь, қышқылдар мен сілтілер);4.Биологиялық факторлар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет