Аллергия. Аллергияның түрлері мен даму механизмі



бет5/48
Дата29.01.2022
өлшемі55,54 Kb.
#115661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Tolyk pat fiz

Ауру кезеңдері.Ауру дамуында, әдетте 4 кезеңді ажыратамыз: латентті, продромальді, аурудың айқын біліну кезеңі және сауығу кезеңі(соңы немесе аурудың аяқталуы). Мұндай кезеңділік баяғыда жедел инфекциялық ауруларды (іш сүзегі, оба т.б.) клиникалық анализдеуде құрастырылды. Латентті кезең (инфекциялық ауруларда қолданылады-инкубациондық) себептің әсер ету мезетінен бастап аурудың клиникалық көріністерінің пайда болуына дейінгі кезең. Бұл кезеңде оргнизм зиянды әсерлерге белсенді қарсылық көрсетеді,ауру себептерін жоюға бағытталған қорғаныш қабілеті әрекет етеді.Продромальді кезең-бұл алғашқы ауру көрінісінен оның толық симптомдарының көрінуіне дейінгі уақыт бөлігі. Кейде бұл кезең айқын (Крупті пневмония, дизентерия), кей кезде әлсіз, бірақ аурудың дәл айқындалуымен сипатталады. Мысалы тау ауруы кезінде, бұл себепсіз шаттану (эйфория), корь кезінде-Коплик-Филатов дақтары т.б. Мұның барлығы дифференциялдық диагностикада маңызды. Сол уақытта көптеген созылмалы ауруларда продромальді кезеңді анықтау жиі қиындық туғызады.Аурудың айқын біліну кезеңі Продромальдық кезеңнен кейін басталады.Бұл сатыда белгілі бір ауруға тән қосымша белгілер байқалады.Аурудың клиникалық белгісі айқын көрінеді. Мысалы; көптеген инфекциялық ауруларда (аусыл ,оба )бұл кезең бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін ,ал кейбіреулеріндк (туберкулез,бруцеллез)айлап –жылдап созылады.Ауру ақыры. Аурудың келесі ақырларын ажыратамыз: сауығу (толық және толық емес), рецидив, созылмалы күйге өту, өлім.Сауығу. Аурудан туған бұзылыстардың жойылып, организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасының қалпына келуі, адам үшін ең бастысы-еңбекке қабілеттілігінің қалпына келуі.Сауығу толық және толық емес болады. Толық сауығу деп организмдегі аурудың барлық іздері жоғалып, бейімделу мүмкіндіктерінің толық қалпына келуі. Сауығу әрқашан бастапқы күйге оралуды білдірмейді. Ауру нәтижесінде әр түрлі жүйелердің өзгеруі не сол күйінде қалуы да мүмкін, оның ішінде иммундық жүйе де. Толық емес сауығуда ауру зардаптары айқын көрінеді. Олар көпке дейін кейде өмірбақиға қалады (Мысалы, плевра жапырақшаларының бітісіп өсуі, митральді тесіктің тарылуы). Клиникалық жазылудан кейін ауру жаңадан пайда болуы мүмкін ,мұны рецидив (аурудың қайталануы) деп атайды.Инфекциялық патологияда рецидивтер малдың лептпоспирозы ,қайталама эндокардит,тілме кезінде болады.Егер организм өзгерген тіршілік жағдайына бейімделе алмаса ,одан әрі тіршілік ете алмайды,соның нәтижесінде өлу басталады. Өлудің негізгі себептері: жүрек қызыметінің және тыныс алудың тоқтауы.Өлу лезде және кенеттен болуы мүмкін ,алайда өлу көбінесе бірте-бірте өлім алдындағы жанталасудан(агониядан) кейін болады. Жанталасу дегеніміз орталық нерв жүйесі қызыметінің бұзылуы және организмнің бүкіл тіршілік функциясының (тыныс алу ,жүрек қызыметі,сфинктерлердің немесе температураның төмендеуі)кеселденуі.Жанталасу клиникалық өлімге ұласып,ол ірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылыады. Содан кейін ол клиникалық өлімге ұласады.Клиникалық өлім- өлудің қайтымды кезеңі,ол тіршіліктің сыртқы белгісінің жойылуымен сипатталады.Клиникалық өлім орталық нерв жүйелерінің неғұрлым терең күйзелуімен ,алмасу процестерінің елеулі бұзылуымен ,энергетикалық қорының таусылуымен сипатталады.Клиникалық өлім биологиялық(шын) өлімгеге ұласады,әуелі орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде ,ми қырытысында,содан кейін организмнің басқа да тканьдерінде қайтымсыз өзгерістер басталады. Өлімнің белгілері: 1.Өлексенің салқындауы-алғашқы күні дене температурасы әр сағат сайын 1градус,екінші күні 0,2градусқа кемиді. 2.Өлексенің сіресуі-өлгеннен кейін 8-10 сағатта басталады. 3.Өлексе теңбілі-гипостаздар-ыдыраған қанның тканьдерге сіңуінен пайда болады. 4.Өлексенің шіруі- сұр-жасыл теңбілдер пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет