Аурудың түрлері мен даму барысы Барлық ауру түрлері мен даму барысына байланысты инфекциялық,инвазиялық және инфекциялық емес болып бөлінеді.Организмнің патогендік факторлармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде ауру пайда болады.Сондықтан аурудың дамуы,барысы және ақыры көп жағдайдпа организмнің күйіне , оның тұқым қуалаушылық –конституциялыққасиеттеріне ; сондай –ақ мал организмін тітіркендіргіштердін ауру себебімен бір мезетте не оған дейін әрекет етуіне байланысты болады. Әрбір ауруға белгілі бір даму циклі,біліну күші және өту ұзақтығы тән.Аурудың ұзақтығы организмнің қасиетіне ,нервтік-рефлекторлық аппараттың күйіне,оның реттелу жағдайына,ауру тудыратын агенттың сипатына және оның организмге ықпал ету ұзақтығына байланысты.Ұзақтығына және біліну күшіне қарай аурудың төрт түрлі өтуі болады: өте жіті-4 күнге дейін,жіті- 5-14күн,жітілеу 15-40 күн, созылмалы айлап ,жылдап.