Бауырдың май дистрофиясы, себебі және даму механизмі. Майлы паренхиматозды дистрофия деп торми цитоплазмасында майдың көбейіп кетуін, яғни майдың қалыпты жағдайда кездесетін түрлерде пайда болуын, немесе химиялық құрамы ерекше майлардың жиналып қалуын түсінеміз.Торшада негізінен бейтарап майлар жиналады. Торшада майдың пайда болуы; таршадағы май мөлшерінің көбейіп кетуіне және көмірсутегі мен белоктардың шамадан тыс түзілуімен байланысты. Майлану дистрафиясы көбінесе жүректе бауырда, бүйректе кездеседі.Торшаларда майдың барлығын анықтау үшін арнайы гистохимиялық әдістер қолданылады. Май судан 3-және шарлах бояуымен сорғыш-қызыл түсте,осмий қышқылы мен судан 4-бояуымен қара түске боялады.Бауырдалипитті заттардың–бейтарап майлардың ,май қышқылдарының, фосфолипиттердің,холестериннің алмасуының айырықша маңызы бар.Май алмасудың бұзылуы былайша білінеді:1.бауырдан микропротейдтер құрамында триглицериттермен майлы қышқылдардың бөлінуінің тоқталуы;2.бауырда майлардың тотығуының бұзылуы,соның салдарынан май инфильтрациясының п.б-уы;3.кетон денешіктерінің көптеп п.б.4.холестерин синтезінің өзгеруі.Май алмасу бұзылу салдарынан бауырда май инфильтрациясы өршиді,кетон денешіктері көптеп п.б. және холестерин синтезі өзгереді.