Гипофиздың гиперфункциясының себебі мен даму механизмі. Гиперфункция-бездер қызметінің артуы.Ересек адамдарда гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясы акромегалияға (бет сүйектердің,аяқ-қол саусақтарының шамадан тыс үйлесімсізұлғаюы),жас адамдарда алыптылыққа(гигантизм)ұшыратады.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің базофильді клеткалары ұлғайғанда семіре бастайды.
Гипофиздың гипофункциясының себебі мен даму механизмі.Гипофункция –бездер қызметінің бәсеңдеуі.Гипофиз бүкіл ішкі секреция бездері жүйесінде елеулі орын алады.Гипофиз 3 бөліктен тұрады:алдыңғы,ортаңғы,артқы.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясы ергежейлікке,гипофиздік кахексияға(көтерем) шалдықтырады.Гипофиздің артқы бөлігінің гипофункциясы қантсыз шыжыңға ұшыратады.