Гиповолемия. Гиповолемияның түрлері және даму механизмі. Әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері мен эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді.Мұндайда жалпы қан көлемі мынадай формаларда өзгереді: гиперволемия және гиповолемия. Жалпы қан көлемінің кемуін гиповолемия немесе олигемия деп атайды.3 түрі бар.Қарапайым гиповолемия –плазманың және клетка элементтерінің біркелкі кемуі.Көп қан кеткенде немес талықсыған кезде қанның едәуір көлемі айналысқа қатыспағанда пайда болады. Гематокрит көрсеткіші өзгермейді. Олигоцитемиялық гиперволемия-эритроциттер мөлшерінің, яғни эритропоэздің кемуі есебінен қан көлемінің азаюы.Көп қан кетіп, азайған қан көлемі тамыр арнасына ткань сұйығы келуі арқылы толғанда байқалады.Сол есебінен гематокрит көрсеткіші кемиді. Полицитимиялық гиперволемия- қанның сұйық бөлігінің кемуі есебінен оның көлемінің азаюы.Гематокрит көрсеткіші пайыз және одан да астам ұлғайады.