Инсулин жетіспеушілігі. Себебі мен даму механизмі.Ұйқы безінің ішкі секрециясының 3 түрлі клеткасы болады:альфа,бета,гамма.Бета клеткаларында ұйқы безінің гормоны – инсулин бөлінеді.Ол барлық зат алмасуға,бірінші кезекте углевод алмасуға ықпал етеді.Ол бауырда гликогеннің пайда болу процесін,тканьдердегі глюкозаның тотығуын,глюкозалардың майға айналуын қуаттандырады.Ұйқы безінде инсулин жеткіліксіз пайда болғанда бауыр мен бұлшық ет гликоген бөлу қабілетінен айырылады.Инсулин жетімсіздігі қантты диабет формасында білінеді.Мұндайда барлық зат алмасу түрлері,әсіресе углевод пен май алмасу бұзылады.