Ишемия. Ишемия кезіндегі микроциркуляция. Ишемия немесе жеке бір органдағы қан аздық деп, тканьнің белгілі бір учаскесіне артерия арқылы келетін қанның баяулауы немесе тоқталуы салдарынан онда қан толудың азаюын айтады.Ишемияның этиологиясы.Ишемия артериядан тыс (жаншылу) және оның ішінде (тромбоздар, эмболия, яғни бітелу,склероз, бітелуден болатын эндоартрит) дамиды.Аурудың себебіне және пайда болу жағдайына қарай ишемия бірненше түрге бөлінеді.Компрессиялық ишемия-артерияның немесе ткань учаскесінің жаншылуынан болады.Рефлектролық ишемия-әртүрлі рецепторларға тітіркендіргіштердің әсер етуінен пайда болады.Ишемия кезінде микроциркуляция бұзылады.Микроциркуляция- капиллярлық қан айналысы-күрт баяулайды, капиллярлар саны азаяды.Ишемия былайша сипатталады.а) тканьдер кенеттен бозарады,б)ұсақ тамырлар тарылады немесе қан келуі тоқталады,в) анемиялық орган көлемі кішірейеді г) ишемияға шалдыққан орын сырқырап ауырады т.б.