Жоғарғы температураның организмге әсері Сыртқы орта температурасының көтерілуі жалпылай (қыздыру,жылу және күн өту)және жекелей (күйіктер) әсер етеді.Қыздыру-организмдегі жиналған жылуды сыртқа шығарып үлгере алмағанда пайда болады.бауырдың ,зат алмасудың ,жүректің ауруға шалдығуы ,жіті инфекциялық аурулар организмнің қыздыруға төзімділігін кемітеді.Күн өту- дене қызуының шамадан тыс көтерілуінің(гипертермия) өзгеше формасы күн өту болып саналады.Күн қтудің әсерінен өлген мал миының тканьдерін қан кернеп (гиперемия) ,ұсақ қанталаған орындар байқалады.Күн өткен малда қозу пайда болады, тыныс алу мен тамыр соғу жиілейді, содан кейін күзелу сатысы басталады.Теріге немесе кілегей қабыққа әртүрлі факторлар әсер еткенде күйік пайда болады.Күйіктің төрт дәрежесі болады: бірінші дәрежелі күйікте терінің сыртқы қабаты (эпидермис) ғана зақымданып, зақымданған учаскеде қан кернеу және шамалы қабыну болады.Терісі ауырсынып, ісінеді,оны басқанда ісік жойылмайды. Екінші дәрежелі күйікте экссудативті сипатта қабыну білініп , теріде немесе кілегейлі қабықта көпіршікте пайда болады.Үшінші дәрежелі күйікте тканьдер шамалы өлеттеніп, жара пайда болады. Төртінші дәрежелі күйікте тканьдер көмірге айналады.