Жануарлар патологиясының (патофизиологияның) мақсаты мен міндеті. Жануарлар патологиясының даму тарихы.Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді. Патофизиологияның міндеттері- патологиялық процестің дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау,аурудың пайда болуын ,патогенезін анықтау.Патологиялық физиологияның мақсаты - аурудың пайда болу,даму,өту және жазылу барысын білу,ауру малдың органдары мен жүйелеріндегі негізгі заңдылықтарды анықтау.Патологиялық физиологияның даму тарихы XIX ғ екінші жартысынан басталады. Патофизиология тарихында И.И.Мечников организмнің қабынуы,иммунитеті,өздігінен улануы жөніндегі жұмыстары бағалы. И.П.Павлов бүкіл ғұмырын нервизм идеясын дамытуға арнап,оны организм қызыметіне жан –жақты әсер ететін нерв жүйесінің физиологиялық бағыты ретінде түсіндірді. Патофизиологияның дамуына Богомолец зор ықпал етті. Ол организм тіршілігінде және оның патологиясында реактивтілікті анықтады.Патологияны нерв жүйесінің маңызы туралы түсінікті дамытуда Сперанскийдің зерттеулері зор рөл атқарады. Мәселен оның нервтік трофика ,эпилепсия,патология зардаптары жұмыстары кеңінен белгілі болды.