Алматы , 2018 Қарапайым физиотерапия ( Қыша, мұздатқыш, сүлік)
Компресс – дегеніміз –көп қабаттап орау.
Компрестің түрлері:
Құрғақ суық
Дымқыл ыстық
Жалпы жылы
Жергілікті дәрілік
12.4.Мұздатқышты қоюдағы мейірбикелік стандарт Мақсаты:суықтың әсері терінің тамырларын жіңішкертеді және тереңдегі мүшелер мен тіндердегі ауырсынуды және қабыну процессін басады, нервтік рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді. Көрсеткіштері: · жедел қабыну процестері; · қан кету; · жарақаттану; · дене қызуы көтерілуі; · жәндіктердің тістеуі; · іштің ауырсынуы. Қарама – қарсы көрсеткіштері: · созылмалы қабынулар; · тері аурулары. Жабдықтар:мұздатқыш, ұсақ мұзды кесіндер, су (14-160С), жеке орамал, кез келген дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, дәке. Процедура барысы: -пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; - процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз; -қажетті жабдықтарды дайындаңыз; -қолды жуып, құрғатыңыз; -мұздатқышты ұсақ мұздармен ортасына дейін толтырып, суық су құйыңыз; -көлденеңінен қойып, ауасын шығарып, бұрандасын жабыңыз;
12.4-сүрет: мұздатқышты қолдану әдісі -сыртын құрғатып,орамалмен орап пациенттің керекті жеріне беріңіз; - 20 -30 мин. ұстаңыз (аралығы 20 мин); Ескерту:жалпы уақыты үзілістермен қоса екі сағаттан аспайды; · мұздатқышты алып, суын төгіп мұздарды алып тастаңыз; · пациентті ыңғайымен жатқызыңыз; · мұздатқышты дәкемен кез келген дезинфекциялық ерітіндісі екі рет (аралығы 15 минуттн) өңдеңіз; · қолды жуып, құрғатыңыз. Ескерту:егер терісінің тұтастығы бұзылса мейірбике резенке қолғаппен жұмыс істеп оны кез келген дезинфекциялық ерітіндісімен зарарсыздандырады.