Орындаған: Байбосын.А Кеңес.А
Тексерген: Иманбек.Б.К
ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты: дене учаскелерін жылыту, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.
Қолдану көрсетілімдері: қызбаның I және III кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.
Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Дайындаңыз: Қолыңызды сабындап жуыңыз.
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқаспен қарым-қатынас жасаңыз: өзіңізді таныстырыңыз, науқастан атын-жөнін содан кейін қал-жағдайын сұраңыз.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дайындаған қажеттіліктеріңізді науқасқа алып келіңіз.
2.Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-70°С) құйыңыз.
3.Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
4.Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. 5.Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз. 6.Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
7.Қолыңызды антисептикпен өңдеңіз.
8.Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.
9.Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
10.Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана
жеңіл желпі қызару болуы керек).
11.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз
12.Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен
2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
13.Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
14.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.