Қарапайым физиотерапия әдістері



бет3/5
Дата21.12.2022
өлшемі1,11 Mb.
#163685
1   2   3   4   5
Байланысты:
DOC-20221218-WA0001.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ
Дайындаңыз: Қолыңызды сабындап жуыңыз
1.Қыша қағаздары
2.Жылы суы бар (t-40-45°С) науа
3.Сүлгі
4.Көрпе
5.Салфетка
6.Жылы жаялық
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз: өзіңізді таныстырыңыз, науқастан аты-жөнін содан кейін қал-жағдайын сұраңыз.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дайындаған қажеттіліктеріңізді науқасқа алып келіңіз.
2.Қолыңызды антисепрекет алгоритмі:тик қолдану арқылы өңдеп, қолғапты киіңіз.
3.Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (кыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
4.Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
5.Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-45°С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
6.Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
7.5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс)
8.Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
9.Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
10.Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
11.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз. Бір реттік қолданылған заттарды ҚЖАК тастап, көп реттік заттарды зарарсыздандырыңыз.
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет