Меббм қазақстан-ресей



Дата19.05.2017
өлшемі153,57 Kb.
#16390

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ кафедраСЫ БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КУРСЫМЕН













Силлабус


Мамандык

Педиатр

Квалификация

Дәрігер

Оқуды жалғастыру

Аталуын озгерту

7 жыл

БАЛАЛАР АУРУЛАРы кафедрасы БАЛАЛАР жұқпалы аурулары Курсымен


Пәнің аталу коды / _ ДВ 4304 _ Балалар жұқпалы ауруларын емдеудің құпиялары
Жалпы сағат саны 72/Дәрістер 6 сағ/Практикалық сабақтар 30 сағ/

Семинарлық сабақтар 12сағ/

Интерндердің сабақтан тыс өзіндік жұмысы (ИӨЖ) 24 сағ



Курс және оқу семестрі

6-7курс, 11-12,13-14

Алматы-2015 ж




Силлабус

Балалар жұқпалы ауруларын емдеудің құпиялары


  1. Жалпы мәліметтер

    1. Қазақстан-Ресей медициналық университеті

    2. Балалар аурулары кафедрасы балалар жұқпалы аурулар курсымен

    3. Пән: Балалар жұқпалы ауруларын емдеудің құпиялары

    4. Мамандық – 051301 – «Жалпы медицина»

    5. Оқу сабақтарының көлемі – 72 сағат

  • Дәрістер 6 сағ.

  • Тәжірибелік сабақтар 30 сағ.

  • Семинар сабақтары 12 сағ.

  • Интерндердің аудиториядан тыс өзіндік жұмыстары (ИӨЖ) 24 сағ.

    1. Курс – 6-7, Семестр – 11-14

Бақылау формасы: диф.сынақ


    1. Оқытушылар жөнінде мәліметтер






ТАӘ

Лауазымы

Дәрежесі

3

Катарбаев Адил Кайырбекович

Каф.меңг.

М.ғ.д.

5

Умешева Кумискул Абдуллаевна

доцент

М.ғ.к.




Джумабекова Алмаш Тулегеновна

доцент

М.ғ.к.




Шабдарова Светлана Кузьминична

доцент

М.ғ.к.




    1. Қатынас мәліметтері

8707 254 18 57
1.9. Пәннің саясаты:

Оқу барысында кафедраның интерндерге қоятын талаптары оқу үдерісін сатылы және мақсатты өткізуге бағытталған. Оқытушылардың интерндерге қоятын талаптары медициналық ЖОО оқудың жалпы қағидаларына негізделген.


Кафедраның жалпы талаптары:

  1. Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде ретті қатысу

  2. Сабақ басында әр интернде келесі заттар болуы тиіс: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, жеке дәкелік маска, ауыспалы аяқ киім.

  3. Интерн тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге кешікпеуі тиіс

  4. Интерн оқу үдерісіне белсенді қатысуы керек; дәріс жазбасы болуы тиіс, теориялық материалды білу, мәселелік есептерді, тест тапсырмаларын шешу, науқастарды объетивті зерттеу әдістерін үйреніп, меңгеруі қажет: пальпация, перкуссия, аускультация.

  5. 1 тақырып бойынша СӨЖ міндетті түрде орындау.

  6. СӨЖ материалдарын (ситуациялық есеп, диагностикалау алгоритмі, емдеу кестелері) тапсыру мерзімі және оны қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес бекітілген уақытта жүзеге асырылады.

  7. Интерндер науқастар мен клиникалық базаның қызметкерлерімен сыпайы және орынды қарым-қатынаста болуы керек.

  8. Кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімі меңгерушісі қатысуымен топтағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.


Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайда қолданылатын айыптар:

  • Себепті жағдайға байланысты жіберілген тәжірибелік сабақтың көлемі 30%-дан аз болған жағдайда кафедра меңгерушісіне рапорт жазылады

  • Жіберілген сабақ 30% сағаттық көлемнен асқанда деканатқа мәлімет рапорт түрінде беріледі;


2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Инфекциялық патология балалық шақтағы аурулардың ішінде басты орындардың бірін алады және дер кезінде анықталып және емдемесе баланың өміріне аса зор қауіп төндіреді. Ұсынылып отырған пәннің негізінде «сұрақ-жауап» қағидасы жатыр, ол қағида оқытылып жатқан ауруды терең түсінуге мүмкіндік береді, бұл дәлелді медицина тұрғысынан диагностика мен ем сұрақтарында дәрігердің іс-әрекетінің дұрыс алгоритмін анықтайды.


2.2 Мақсаты:

Балалар жұқпалы ауруларының ағымындағы аса өзекті сұрақтарды оқыту, бұл осы патологияның диагностикасы, емі және алдын алу бойынша білімді нақтылауға және тереңдетуге мүмкіндік береді.


2.3 Оқыту міндеттері:

Оқып-үйрену:



  • клиникалық тұрғыдан мына қоздырғыштарды: бактерияларды, вирустарды, паразитарлық ауруларды.

  • балалардағы лимфа жүйесінің зақымдалуымен жүретін жұқпалы ауруларды.

  • жүректің зақымдалуымен жүретін жұқпалы ауруларды

  • балалардағы аса өзекті жұқпалы ауруларды.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
Дәрігер-интерн білуі тиіс:

  • Бактериялардың жиі кездесетін түрлерінің патогенділігінің негізгі факторлары.

  • Иммуноглобулиндердің (IgG, IgM, IgE) тапшылығы кезінде инфекциялық ауруларды жиі шақыратын патогенді микробтар

  • Жануарлардан адамға берілетін патогенді бактериялар

  • Өмірге қауіп төндіретін ауруларды шақыратын вирустар.

  • Кейбір вирустық аурулардың берілу жолдары

  • Нақты вирустық ауруға арналған тиімді антивирустық препараттар.

  • Белгілі бір вирустармен шақырылатын клиникалық синдромдар.

  • Вирусқа қарсы препараттар тиімсіз болатын жұқпалы аурулар.

  • Беткей және терең микоздар.

  • Нәрестелердің лимфа түйіндерінің жайылмалы ұлғаюына әкелетін жұқпалы аурулар.

  • Ауыр инфекцияларды анықтайтын зерттеу әдістері (ВИЧ, милиарлы туберкулез, гистоплазмоз)

  • Адамға жануарлардан берілетін және лимфадениттер мен басқа ағзалардың зақымдалуын туындататын инфекциялар;

  • Жедел ревматикалық қызбаны анықтауға арналған Джонс критерийлері;

  • Жедел ревматикалық қызбаның таралуы, ауыр көріністері, емдеу принциптері

  • Кавасаки аурының диагностикалық критерийлері, аурудың кезеңдері, клиникалық синдромдары, зертханалық-аспаптық зрттеу әдістері, емі;

  • Балалардағы жұқпалы эндокардиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі;

  • Балалардағы жұқпалы миокардиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі;

  • Балалардағы жұқпалы перикардиттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі;

  • Балалардағы қызбаның жалпы жіктелуі, негізгі қызбалық синдромдар, бөртпемен өтетін қызбалар.


Дәрігер-интерн жасай білуі тиіс:

  • Эпидемиологиялық анамнез жинауды;

  • Шеткері және қуысішілік лимфа түйіндерін зерттеу әдістерін қолдана білуді және олардың ұлғаюы кезіндегі клиникалық синдромдарды анықтауды;

  • Балалардың лимфа түйіндерінің, жүректің инфекциялық патологиясын анықтауды;

  • Балалардағы қызбалардың түрлерін анықтауды және дұрыс ем тағайындауды;

  • Қызбамен және бөртпемен өтетін аурулардың салыстармалы диагностикасын өткізуді;

  • Ыстық түсіретін препараттарды қолдану бойынша науқас балалардың ата-анасына ұсыныстар беруді.

2.5. Пререквизиттер: Электив: Балалар аурулары пропедевтикасының негіздері. Дені сау бала. Балалар аурулары. Бадлалар жұқпалы аурулары. ЖТД тәжірибесіндегі балалар аурулары.
2.5. Постреквизиттер: ЖТД тәжірибесіндегі балалар аурулары. Интернатурадағы амбулаторлық-емханалық педиатрия. Педиатрия бойынша резидентура, магистратура. Қосымша медициналық білім.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Негізінен кең таралған жұқпалы ауруларға көңіл бөлінеді, жеке сабақтарда мына сұрақтар қарастырылады: биотерроризм, лайм ауруы, сиыр құтырмасы және кенелерден берілетін басқа да жұқпалы аурулар, бұл инфекциялар әлемдегі халықтың көшіп-қонуының жоғарылауына (жазғы демалыс, шекаралардың ашылуы) байланысты қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Сондай-ақ балалардағы инфекциялардың заманауи диагностика және ем тәсілдері қарастырылады.
2.7. Дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық сабақтардың, ИӨЖ тақырыптық жоспары.




Тақырыптар:

Дәріс

Тәж. сабақ

Семинар сабақтары

СӨЖ

1

Клиникалық тұрғыданжұқпалы аурулардың қоздырғыштарының – бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың, паразиттердің қысқаша сипаттамасы. Диагностика мен емнің хаттамалары.

2







2

2

Балалардағы лимфа жүйесінің жұқпалы аурулары. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және лимфадениттер. Лимфа түйіндерінің жайылмалы зақымдалуын туындататын жұқпалы аурулар. Жұқпалы ауруларды анықтау әдістері, лимфа түйіндерінің зақымдалуындағы жануарлардың рөлі.

2

6




4

3

Балаларадағы жүректің инфекциялық зақымдалуы. Жедел ревматикалық қызба, оны анықтауға арналған Джонс критерийлері. Емдеу қағидалары. Болжамы.

Кавасаки ауруы. Диагностикалық критерийлері, клиникалық көріністері, тексеру әдістері, емдеу қағидалары. Болжамы. Жұқпалы эндокардит, миокардит, перикардит. Диагностикасының ерекшеліктері, типті клиникалық көріністері, емі.






6




4

4

Балалардағы қызбалар. Синдромдардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, ағымы, қауіптілігі. Жіктелуі. Инфекциялық ошағы анықталмаған және шығу тегі белгісіз бөртпемен өтетін қызбалар.

2

6




4

5

Заманауи жағдайдағы жұқпалы аурулардың айрықша мәселелері. Балалардағы ВИЧ-инфекция; иммунитеті әлсіз балалардағы инфекциялар; қайталаушы инфекциялар; саяхатшалардағы, босқындардағы, шетел азаматтары асырап алған балалардағы, имми-гранттардағы жұқпалы аурулар. Лайм ауруы.







6

4

6

Зоонозда. Анықтамасы. Берілу жолдары. Клиникасы. Емі. Алдын алу.

Биотерроризм. Анықтамасы. Биологиялық қару ретінде қолданылатын жұқпалы аурулардың қоздырғыштары. Осы ауруларға мейілінше тән клиникалық көріністер.









6







Қорытынды

6

18

12

18




Барлығы

54


2.8. Интерндердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар




ИӨЖ тақырыбы

Өткізу түрі

Бақылау кестесі

Сағ.

1

ОЖЖ инфекциялары: менингит, энцефалит. Тәжірибелік сұрақтар.

Әдебиетке шолу. Журнал клубы.

Сабақтың 2-ші күні

6

2

Тері мен жұмсақ тіндердің инфек-циялары. Тәжірибелік сұрақтар.

Көрсетілім

Пікір-талас



Сабақтың 3-ші күні

6

3

Күнделікті тәжірибедегі жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері.

Сұрақ-жауап

Дөңгелек үстел



Сабақтың 4-ші күні

6




Барлығы 18


2.9. Әдебиет: негізгі және қосымша
2.10. Оқу және оқыту әдістері:

Дәрістер: тақырыптық, мәселелік.

Тәжірибелік сабақтар: сұхбаттасу, пікір-талас, ситуациялық есептер және тест тапсырмаларын шешу, кіші топтарда жұмыс, көрсетілім, «сұрақ-жауап» түрінде өткізу әдісі.

Семинар сабақтары: дөңгелек үстел, журнал клубы.

Интерндердің өзіндік жұмысы – тәжірибелік сабақтардағы кейбір сұрақтарды тереңірек оқып үйрену, талдау, әдебиеттермен жұмыс, электронды мәліметтер базасы және компьютерлік үйрену бағдарламаларымен жұмыс, тестік тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шешу, презентация және рефераттар дайындау, кесте құрастыру.
2.11. Бағалау критерийлері мен ережелері

Ағымды бақылау: тест тапсырмаларын шешу, сұхбаттасу, ситуациялық есептер шешу, анализдерді талдау, тәжірибелік дағдыларды бағалау.



Аралық бақылау: тестілеу

Қорытынды бақылау: тестілеу, сұхбаттасу, ситуациялық есептер шешу
Сабақтардың барлық түрлерін бағалау ережелері (аудиториялық, ИӨЖ)

Әр деңгейде білімді бағалаудың шкаласы мен критерийлері.


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық үлесі %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100%

Үздік


А-

3,67

90-94%

В+

3,33

85-89%

Жақсы


В

3,0

80-84%

В-

2,67

75-79%

С+

2,33

70-74%

Қанағаттанарлық


С

2,0

65-69%

С-

1,67

60-64%

Д+

1,33

55-59%

Д

1,0

50-54%

Д-

0

0-49%

Қанағаттанарлықсыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет