Антибиотиктер



бет1/6
Дата18.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163111
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
null, 8-9- дәріс - Тізімдер мен кортеждерМ, Дневник исследователя, Дневник исследователя

АНТИБИОТИКТЕР

  • №11 дәріс

АНТИБИОТИКТЕР (АБ) – ТІРІ ЖАСУШАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУ ӨНІМДЕРІ. ОЛАР БАСҚА ЖАСУШАЛАРДЫҢ – МИКРООРГАНИЗМДЕР (КӨБІНЕСЕ МИКРОБОТАР), ІСІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУІН ТАҢДАМАЛЫ ЗАҚЫМДАЙДЫ. СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ БҰЛ ЗАТТАРДЫҢ ЖАСАНДЫ АНАЛОГТАРЫНЫҢ, ЖАСАНДЫ АНТИБИОТИКТЕРДІҢ САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ӘСЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ АДАМ ОРГАНИЗМІНІҢ ТІНІНДЕ ЕМЕС, МИКРООРГАНИЗМ ЖАСУШАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН АНТИБИОТИКТЕР БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТҰРАҚТЫ БОЛМАУЫ, ОНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ДӘРІЛІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ (РЕЗИСТЕНТТІЛІК) ҚАЛЫПТАСУЫМЕН ТӨМЕНДЕУІ МҮМКІН. АНТИБИОТИКТЕРДЕ ОЛАРДЫҢ МИКРОФЛОРАҒА ТЕЖЕУШІ ӘСЕРІМЕН СИПАТТАЛАТЫН КӨПТЕГЕН ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ БАЙҚАЛАДЫ

ТИІМДІ АНТИБИОТИКОТЕРАПИЯНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

  • Аурудың клиникасын, науқастың жасын, қосымша патологияны ескере отырып АБ тиімді тағайындау қажет.
  • Препаратты дұрыс тағайындағанына көз жеткізу үшін қоздырғыштың АБ сезімталдығын анықтау қажет.
  • Аурудың клиникалық ағымына және АБ фармакокинетикасына байланысты АБ оңтайлы енгізу тәсілін және оңтайлы енгізу жиілігін қолдану қажет.
  • АБ тиімді енгізу курсы 7-10 күннен аз болмауы қажет. Сонымен қатар антибиотикотерапия курсы үзіліссіз болуы керек. Бұлардың бәрі микроорганизмдердің АБ резистенттілігінің дамуының алдын алады.
  • Аурудан толығымен айығу үшін, микроорганизмдердің резистенттілігінің алдын алу үшін АБ-ның максималды (оптималды) терапиялық мөлшерін пайдалану керек.

АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

    • Аллергиялық реакциялар антибиотикпен сенсибилизацияланған организмде пайда болады.
    • Аллергиялық реакцияны пенициллиндер тобы жиі тудырады.
    • Микроорганизмдердің антибиотиктерге резистенттілігі – патогенді микроорганизмдердің белгілі бір АБ тобына тұрақтылығының дамуы, ол әртүрлі механизмдерге байланысты болады.
    • Бактериолизис реакциясы –микробтар мембранасының бүтіндігін бұзатын АБ-тың жоғары мөлшерін енгізген кезде организмның уытты реакциясының дамуы. Нәтижесінде қанға бактериялық уыттардың көп мөлшері бөлінеді.
  • Дисбактериоз – макроорганизмде сапрофитті микрофлораның тіршілік әрекетінің тежелуі.
  • Сапрофитті микроорганизмдер маңызды қызметтерді атқарады: астың қорытылуына жағдай жасайды; макроорганизмді әртүрлі эндогенді патогендердің (микробтар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар) көбеюінен және экзогенді микробтардың енуінен қорғайды; сонымен қатар макроорганизмнің қалыпты өмір сүруіне қажетті көптеген ББЗ-дың түзілуіне қатысады.
  • Осыған байланысты дисбактериоздың нәтижесінде тек диспепсиялық бұзылыстар ғана емес, сонымен қатар: кандидоз; суперинфекция (эндогенді – сапрофиттер және экзогенді – патогендер) дамиды; витаминдердің алмасуы бұзылғаннан анемияға әкелетін бұзылыстары және басқ.
  • Антибиотиктердің уытты әсері.
  • АБ нейро-, нефро-, гепато-, гемато-, ото-токсикалық және басқ. әсері бар.
  • Көптеген АБ плаценталық тосқауыл арқылы жақсы өтеді және ұрыққа уытты (эмбриотоксикалық және тератогенді) әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет