Антибиотиктер


ЖАРТЫЛАЙ СИНТЕТИКАЛЫҚ ПЕНИЦИЛЛИНДЕР



бет4/6
Дата18.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163111
1   2   3   4   5   6

ЖАРТЫЛАЙ СИНТЕТИКАЛЫҚ ПЕНИЦИЛЛИНДЕР

  • Ерекше фермент - b-лактамазаны бөлетін микроорганизмдерге тұрақтылықтың дамуының алдын алу үшін қайтымсыз әсер ететін заттар шығарылды-
  • b-лактамазаның тежегіштері: клавулан қышқылы (клавуланат), сульбактам, тазобактам. Оларды кең спектрлі аралас пенициллиндерді дайындаған кезде қосып қолданады. Мысалы: амоксициллин+клавуланатпрепараттары: амоксиклав, панклав, ранклав және басқ.; амоксициллин/сульбактампрепараттары: трифамокс; ампициллин/сульбактам - препараттары: уназин, сультамициллин).

ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІМДЕР:

  • имплантация алдында инфекциялық процесстерді, периодонтиттердің жіті және созылмалы өтетін түрлерін, дентоальвеолярлық абсцесстер және бет пен жақ аумақтарының іріңді қабыну ауыруларын емдеу үшін қолданылады.

ЦЕФАЛОСПОРИНДЕР

  • 1 буын :цефазолин, цефалексин, цефалоридин жоғары антистафилококкты белсенділігі
  • Олар нефротоксикалық әсер көрсетеді
  • 2 буын цефалоспориндері : Цефамандол, Цефуроксим) 1-буын препараттарымен салыстырғанда әсер ету спектрі кеңдеу
  • Оларды қолданғанда лейкопения, тромбоцитопения пайда болады.
  • 3 буын цефалоспориндері : Цефотаксим, цефоперазон және цефтазидим грам теріс флораға жақсы әсер етеді, гематоэнцефалиялық тосқауылдан және плаценталық тосқауылдан жақсы өтеді.
  • 4 буын цефалоспориндері :Цефпиром ) бета-лактамазаға жоғары тұрақты әсер көрсетеді.
  • Цефалоспориндердің жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар (науқастардың 1-4%).
  • лейкопения, нейтропения, қанталаулар байқалады.
  • препараттардың әсерінен науқасқа алкоголь жақпауы мүмкін.
  • жоғары мөлшерде қолданғанда нефротоксикалық әсер көрсетеді.

МОНОБАКТАМДАР. АЗТРЕОНАМ.

  • резервтегі, тар спектрлі препарат (көбінесе: Гр-, анаэробтарға тиімді),
  • Гр «+» кокктарға (оксациллин, цефалоспориндер, линкосамидтер, ванкомицин) және анаэробтарға (метронидазол) белсенді препараттармен бірге қосып тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет