белсенділігі бойынша кең спектрлі және әртүрлі жерде орналасқан ауыр инфекцияларда қолданады.
Олар басқа бета-лактамдармен үйлеспейді
АМИНОГЛИКОЗИДТЕР
Ең кеңінен зерттелген препарат, 2-буын өкілі - Гентамицин.
Тобрамицин –аминогликоздердің ең белсенді препараттарының бірі. Гентамицинмен салыстырғанда нефротоксикалық әсері төмен.
Ауыр инфекцияларда қолданады.
Әсіресе бірінші буын препараттарының уыттылығы айқын көрінеді: нефротоксикалық (қайтымды) және ототоксикалық (қайтымсыз).
Плацента арқылы өтіп, ұрыққа уытты әсер етеді (ұрық бүйрегінің гипоплазиясы, құлақтың кереңдігі).
Жүктілік кезінде тек қана ауыр инфекцияларда қолдануға болады. Жүкті әйелдергестрептомицин, неомицин, мономицин, канамицин препараттарын мүлдем қолдануға болмайды.
МАКРОЛИДТЕР - РЕЗЕРВТЕГІ АНТИБИОТИКТЕР, СЕБЕБІ ОЛАРҒА МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖЫЛДАМ ДАМИДЫ.
уыттылығы төмен антибиотиктердің қатарына жатады, соңдықтан жүкті әйелдердің инфекциялық патологияларында пенициллиндермен қатар таңдамалы препараттарға жатқызамыз.
Азитромицин (Сумамед) әсер ету спектрі кең, микроорганизмдердің пародонтогенді штаммдарына жоғары белсенділік көрсетеді.
Пародонтиттің өршу кезеңінің кешенді терапиясында қолданады.
ТЕТРАЦИКЛИНДЕР.
Тетрациклин, доксициклин Гр+ және Гр- бактерияларға белсенді, кең спектрлі АБ, хламидиялық инфекцияларда, риккетсиозда, боррелиозда және кейбір аса қауіпті инфекцияларда, ауыр безеулі бөртпелер кезінде қолданғанда клиникалық маңызы зор.
Негізгі қасиеттерінің бірі, олардың қызыл иекте жоғары мөлшерде жинала алатыны. Осы жердегі тетрациклиннің көлемі 5-7 рет қан сарысуындағы көлемінен асады. Және тетрациклиндер тіс аумағында кумуляцияланып ұзақ уақытқа дейін тұрады.
Қолдануға арналған көрсетімдер. Пародонттың ауруларында жүйелі антибиотикотерапия жасау үшін қолданылатын препараттардың бірі -доксициклин. Одонтогендік инфекцияларда, жүмсақ ұлпалардың іріңді ауруларында, остеомиелитте және т.б. тетрациклиндерге сезімтал инфекцияларда қолданылады.
Тетрациклиндер - ең улы АБ-ның бірі. Олар сүйек тіндерінде және тістің эмалінде Са иондарымен хелатты қосылыстар түзіп, (оған тән белгі -тетрациклиндік тіс) кумуляцияға ұшырайды.
гепатотоксикалық және гематотоксикалық әсері бар, нерв-бұлшықеттік импульс берілуді тежейді. Плаценталық тосқауыл арқылы жақсы өтеді, сондықтан тератогендік және фетотоксиялық әсер көрсетеді.
Қолдануға қарсы көрсетімдер: жүктіліктің барлық кезеңдері, 8 жасқа дейінгі балалар, миастения (б/е енгізуге арналған), препаратқа деген жоғары сезімталдық.