Антибиотиктер


II. БАКТЕРИОСТАТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР



бет3/6
Дата18.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163111
1   2   3   4   5   6

II. БАКТЕРИОСТАТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР АҚУЫЗ ЖӘНЕ НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУІН ТЕЖЕЙТІН ПРЕПАРАТТАР: ХЛОРФЕНИКОЛ, ТЕТРАЦИКЛИНДЕР, МAКРОЛИДТЕР (ЖОҒАРЫ МӨЛШЕРДЕ БАКТЕРИЦИДТІ ӘСЕР КӨРСЕТЕДІ), ЛИНКОМИЦИН, КЛИНДАМИЦИН, ФУЗИДИН ЖӘНЕ Т.Б.)

АНТИБИОТИКТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:

  • Тар спектрлі антибиотиктер:
  • А) грам оң флораға айрықша әсер ететін заттар: бензилпенициллиндер, жартылай синтетикалық пенициллиназағатұрақты пенициллиндер, цефалоспориндердің 1-ші ұрпағы, макролидтер, линкомицин, ристомицин, фузидин, ванкомицин.
  • Б) грам теріс флораға айрықша әсер ететін заттар: полимиксиндер, уреидопенииллиндер, монобактамдер.
  • Кең спектрлі антибиотиктер:
  • - тетрациклиндер, аминогликозиддер, левомицитин, аминопенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер.

ПЕНИЦИЛЛИНДЕР.

  • Пенициллиндер зең саңырауқұлақтарынан алынған алғашқы биосинтетикалық антибиотиктер. Басқа АБ-мен салыстырғанда уыттылығы төмен, оны жүктілік кезінде тағайындауға болады. Бірақ бұл топтың АБ-сына аллергиялық реакциялар жиі дамиды (науқастардың 4-6%-ында кездеседі).
  • Көптеген онжылдықтар бойы бензилпенициллиннің натрий тұзы кеңінен қолданылған болатын. Бірақ оның біршама кемшіліктері де бар:
  • Қышқылды ортада тұрақсыз (ішке қолданған кезде тиімсіз болады)
  • Микробтардың бета-лактамазасының әсеріне тұрақсыз (кейбір микроорганизмдер осы ферментті бөледі, ал ол фермент АБ-ның бета-лактамды сақинасын ыдыратып резистенттіліктің дамуына әкеледі).
  • Әсер ету ұзақтығы жеткіліксіз (3-4 сағат)
  • Әсер ету спектрі тар (Гр+ бактерияларға ғана)

ПЕНИЦИЛЛИНДЕР.

  • Жоғарыда көрсетілген АБ-ның жеткіліксіздіктерін болдырмау үшін және препараттардың қасиеттерін жақсарту үшін бұл топтың препараттарынан жартылай синтетикалық пенициллиндер шығарылды:
  • 1. Пенициллиназаға тұрақты антистафилококкты: оксациллин
  • 2. Кең спектрлі: ампициллин, амоксициллин
  • 3. Көк іріңді таяқшаға қарсы: карбенициллин
  • 4. Тежегіш-сақталған пенициллиндер: уназин, панклав, амоксиклав


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет