Сөж тақырыбы: Қарапайым физиотерапия Орындаған: Жумабекова Аяулым сд-09/17-11/18 Тексерген: Г. Тәңірбергеновна Алматы, 2018



бет3/5
Дата22.06.2022
өлшемі95,6 Kb.
#146961
1   2   3   4   5
Байланысты:
мб ici СӨЖ .

12.6.Сүлікті қою тәсілі
Мақсаты:жергілікті қан алу.
Сүлікті қоюға қажетті құралдар:Пробирка, пинцет, залалсыздырылған дәке, глюкоза, мақта, бинт, тұзды су.
Көрсеткіштері:
· гипертоникалық криз;
· глаукома;
· мидың қан айналымының бұзылуы;
· миокардтың өліеттенуі;
· бауырдың іркілуі;
· геморрой;
· тромбофлебит.
Қарама – қарсы көрсеткіштері:
· қан кетуге бейімділігі;
· қан кету;
· қан аздық;
· терінің аурулары;
· аллергиялық, септикалық аурулар;
· гипотензия;
· антикоагулянттармен емделу.
Қоятын жерлері:
Гипертоникалық кризде
· құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қарай қояды;
Көз ауруларында
· көздің сызық деңгейінен самай аймағына қарай қояды;
Стенокардияда, миокарттың өліеттенуінде
· жүректің манайының 3 – 4 қабырға аралығына қояды ;
Бауыр іркілуінде
· 10 жақ қабырға астына қояды;
Тромбофлебитте
· тромбысы бар венадан 1см артқа, шахмат тәртібімен қояды;
Геморройда
· тік ішектің аузына айналдыра қояды;

12.6-сүрет: сүлік қою әдісі
Процедура барысы:
-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;
- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;
-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;
-қолды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз;
- сүлікті қоятын тері аймағын жылы қайнаған суға малынған мақта түйіршіктерімен сүртіңіз;
-сүлік теріге жақсы жабысу үшін, сол аймақты екінші рет глюкоза ертіндісімен сүртіңіз;
- сүлікті ыдыстан пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салыңыз;
- пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізіңіз;
- сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастаңыз;
-сүліктің артқы қан сорғыш түтүкшесінің астына залалсыздандырылған дәке қойыңыз;
-сүлік 60-90 мин. Кейін түсіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жағдайда тұзды су ерітіндісіне мақта түйіршігін матырып алып, сүліктің тұмсығы кіріп тұрған жерге қояды;
- қойылған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін, қан сорған жерлерге бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қойыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет