Бауыр қызметінің бұзылуының себебі мен салдары.Бауыр функциясының жетімсіздігінен организмде зат алмасуы,өт пайда болуы бұзылады,бауырдың тосқауылдық функциясы кемиді,қанның құрамы мен қасиеті,нерв жүйесінің функциясы өзгереді,су алмасуы бұзылады.Бауыр функциясының жетімсіздігіне ұшырататын көптеген этиологиялық факторлардың арасында ең елеулісі қабыну процесін тудыратын (гепатит)факторлар.Бұған жататындар:бактериялар,вирустар,спирохеттер,өнеркәсіп улары,дәрі дәрмектер,өсімдік улары т.б.Бауырдағы қабыну процесінің өту барысын жіті және созылмалы деп бөледі.Жіті процестердің ішінде жиі кездесетіні-жіті паренхиматоздық гепатит.Бауырдың дистрофиялық зақымдануының ең ауыр формасының бірі-жіті сары атрофия.Мұндайда сары ауру,ткань аутолизі құбылысы байқалады.Б-дың созылмалы зақымдануының ең елеулісі-цирроздар.Бауыр клеткасының семуі-атрофия,құрсақ қуысына сарысу жиналуы-асцит,өт жолының бітеліп,қабынуы-ангиохолит байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |