Қазақ тілі тжб ІІ тоқсан Оқылым Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10] а мәтіні



Дата14.01.2020
өлшемі18,05 Kb.
#55817
Байланысты:
тж7

Қазақ тілі ТЖБ ІІ тоқсан

Оқылым
Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]

А мәтіні

Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында. Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап , қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып , елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының бір– біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.

1 Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз 2 балл



Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

А

Қазақстандағы тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек кездеседі.







В

Қарттар үйін паналаушылардың көбеюі, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғары болуынан.







С

Халқына жаны ашымаған адамдар жемқорлыққа салынады.







2. «Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылады» деген тұжырым бар. Сіздің ойыңызша, достық сезімі адамның бойында туылғаннан бола ма, әлде өсе келе қалыптаса ма? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз. 3 балл

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Ә мәтіні

Достар


Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады », – деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын , сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйі алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып , үйден шығып, досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Екеуі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

1 Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз 2 балл





Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

А

Жалғыз тұратын адамның қажеттілігі де, шығыны да аз болады







В

Егер адамның жақын тумалары болмаса, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды







С

Достар бір-бірінің жасырын істерін біліп қойып, езулерін жия алмады






2. Екі достың біреуімен ғана келісу қажет болса, қайсысының іс-әрекетін құптар едіңіз. 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3. Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс.

[10]


Өзіңіз куә болған мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында жаңалық жазыңыз.

«Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет