Таным процестері



бет1/8
Дата02.11.2023
өлшемі0,66 Mb.
#189053
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция зейн туйсик кабылдау 4f60c06166088ef3c52ab2d69d0ca866

Таным процестері Жоспар: 1. Зейін, зейін түрлері, зейін қасиеттері 2. Түйсік, түйсік түрлері, түйсіктің негізгі заңдылықтары 3.Қабылдау және қабылдау ерекшеліктері


Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануын – зейін дейді. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары.
1.Зейіннің физиологиялық механизмадері
Зейіннің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында болатын негізгі жүйке үрдістері тежелу мен қозудың өзара әрекетінің тетігі жатады. Зейін үрдісінде адамды қоршаған ортада көптеген басқа заттардың ішінен белгілі бір затты, нысанды ерекше бөліп, соған санасын бағыттайды, ал басқа заттар қабылдаудың жалпы фоны болып табылады. Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П.Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциясы заңы бойынша бас ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса, бас мидың басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады.
Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы барлық басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта деп атайды (немесе қозудың оптималды орталығы), ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі.
И.П.Павловтың қозудың оптималды орталығы туралы ілімі зейіннің физиологиялық негізі болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін анықтау үшін академик А.А.Ухтомскийдің ұсынған доминанта қағидасының мәні зор. Бұл принцип бойынша, мида әруақытта да қозудың үстемлік ететін орталығы болады. Ол үшін миға бара жатқан барлық қозуларды шақырады және осының арқасында оларға үстемдік етеді. Осындай орталықтың пайда болу негізі тітіркендіргіштің күші ғана емес, сонымен қатар бүкіл жүйке жүйесінің толық жағдайына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет