Қабылдаудың константтылығы деп – сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан,заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қалуын айтады. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция – сөз. Әр-бір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.