Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. Осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады
бет 6/8 Дата 02.11.2023 өлшемі 0,66 Mb. #189053
Байланысты:
лекция зейн туйсик кабылдау 4f60c06166088ef3c52ab2d69d0ca866 Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда , жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. Осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Статикалық түйсіктер Статикалық түйсіктер тең басу түйсіктері деп те аталады. Статикалық түйсік – бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын , яғни адамның тең басуын бейнелейді. Статика – гректің статос деген сөзі, қазақша тіке тұратын деген мағына береді. Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын,қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі нервтердің ұштары. Кинестезиялық – грек сөзі, қазақша қозғалыс түйсігі деген мағынаны білдіреді. Вибрациялық түйсіктер ауаны толқытуын букіл өн бойымызбен сезінген кезе пайда болады. Вибрация – латын сөзі, қазақша діріл деген мағынаны береді. Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің болатын уақытша байланыстар жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана істеуінің нәтижесі. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде Достарыңызбен бөлісу: