|
қабылдауды – иллюзия деп атайды
|
бет | 8/8 | Дата | 02.11.2023 | өлшемі | 0,66 Mb. | | #189053 |
| Байланысты: лекция зейн туйсик кабылдау 4f60c06166088ef3c52ab2d69d0ca866қабылдауды – иллюзия деп атайды. Алдымыздағы үш бағана биіктігі бірдей. Ал қабылдау кезінде ең әрідегісі бәріне үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзіне кішкентай нәрсенің қасында тұрса үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса, кішірейіп көрінеді. Осы суреттегі ортадағы дөңгелектер , шынында өзара тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді, өйткені бірі – үлкен дөңгелектердің, екіншісі – кішкентай дөңгелектердің қоршауында тұр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру – қабылдаудың дұрыстығының бірден-бір өлшемі. Иллюзиялардыадамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалға, теріс бейнелері галлюцинациялардан ажырату қажет. Иллюзия латын сөзі, қазақша алдану деген мағына береді. Галлюцинация – латын сөзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағына береді. Апперцепция Қабылданудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын – Апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция – адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Әр-түрлі иллюзияладың негізінде адам жансақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді. Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше көзқарасын білдіре алуы. Апперцепция – латынның ап + перцептио деген сөздеріне алынған, қазақша қолдануға қосымша деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|