I-тарау. Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы



бет1/3
Дата22.06.2017
өлшемі0,95 Mb.
#19598
  1   2   3
Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………...……..........3


I-тарау. Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы…...……….........5


    1. Оқу процесінде оқыту принциптерін ісе асыру ерекшеліктері…………………………………………….........11




    1. Дәстүрлі емес оқыту жүйесінің дидактикалық принциптерінің мәні................………………………..............29

II-тарау. Оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану

2.1. Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы..........................................…….............46
Қорытынды………………………………………………....…......…58
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.


Тақырыптың көкейкестілігі:

Қазақсан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Мектепте аса маңызды міндетті шешуде «Дидактиканың» атқаратын қызметі айрықша.

Білімді игерудегі мектептептің негізгі міндеті – оқушылардың машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық қақабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында бар қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, т.б. жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады.



Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан бола алады: баяндап жазу, есеп құрастыру және шығару, конструкциялау, тәжірибиелік жұмыстар, т.б. Оқытудың алғашқы жылдары оқу материалдарын игеруге көп көңіл бөлінеді, бірақ бұл үрдісте де оқушылардың шығармашылықпен келуі едәуір орын алады. Балалардың есепті басқа амалдармен шығаруға, мақалаларды өзінше атауға, материалды өзінше баяндауға, суретке жапсыруда, қайсыбір қолдан жасалған бұйымдарды даярлауда өзіндік элементтерді негізуге тырысуларын мақтаудың өзі – мұның бәрі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың ықпалын едәуір күшейте түседі.

Мектеп дербес ойлап әрекет жасай алатын жас ұрпақты баулуы тиіс.



Оқушылардың абстракциясын, өзіндік ойлау мүмкіндіктерін арттыру жолдарын іздестіру, қарастыру қажет.

Әр таруға, әр тақырыпқа әр қырымен келуге болады.Бұл дипломдық жұмыста ол мәселелердің бәрін қамту қиын, мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімнің сабақ өту барысында дидактикалық принциптерді, ережелерді, әр түрлі дидактикалық ойындарды тиімді қолдануда оқушылардың өзіндік ойлауға қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, еліміздің керекті мүшесі болуды саналарына сіңіру, дарынды болуға тәрбиелеу мақсатымен осы зерттеу жұмысымды таңдадым.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.



Зерттеудің объектісі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі бастауыш сыныпты оқыту және тәлім – тәрбие беру сапасын жетілдіру.

Зерттеудің мақсаты. Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқыту мен дамытудың арақатынасын анықтау.

  2. Дәстүрлі емес оқыту жүйесін дәстүр лі оқыту жүйесімен салыстыру.

  3. Дамыта оқытудың жай дәстүрлі оқытудан оқыту мазмұнындағы өзгешеліктерін; мақсаттағы айырмашылықтарын; дидактикалық принциптердегі өзгешеліктерін; әдіс-тәсілдеріндегі өзгешеліктерін; мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштерін салыстыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І – тарау. Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы.

Қазіргі замангы педагогикада оқыту принциптері оқытудың белгілі объективті заңдылықтарын өрнектейді және бастапқы ереже есебінде тұсіндіріледі, ол өз кезегінде оқытушы, мұгалімнің қызметін аныктайды, оқушылардың танымдық қызметін көрсетеді. Окыту принципі оқыту стратегиясы мен тактикасын камтамасыз етеді, оқу процесінің кұрылуына, жұмыс істеуіне қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

Оқу-тәрбие процесін интенсификациялау - оқуды күшейту және арттыру, еңбек өнімділігін арттыру оқу процесіне қатысушылардың белсенділігін, даярлығын, салалығын талаптарга лайықтау, оқу процесіне керек кұрал-жабдықтармен камтамасыз ету, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін оқытуға қажет компьютерлермен, окытудың жаңа техникалық құралдарымен қамтамасыз ету. Педагогикалық процесс- оқыту мең тәрбие жұмыстарынық бірлігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы білім берудің концептуалдық базасын негіздеуге және айқыңдауға ерекше мәнділік сипат берді. Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы (авторлары Т.С.Садықов, Н.Д.Хмель, Қ.Қ.Жанпейісова, С.Қ.Қалиев, А.А.Бейсенбаева, Н.Н.Хан, С.А.Ұзақбаева, А.Н.Ильясова) Қазақстан Республикасында терең қызығушылық тудырды.

Табысты оқыту үшін оның мәні мен маңызын білумен бірге терең заңдылықтарын білу маңызды екендігі мәлім, сонда оқу процесін интенсификациялау маныздылығы байқалады. Оқытудың зандылықтары:

  • тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту міндетін шешу
    үшін оның бағытты оқытылуы;

  • оқу процесін интенсификациялау үшін оқу процесіне
    қатысушылардың белсенді-танымдық сипатта болуы;

оқушыларға талап қоюмен қатар оларды құрметтей білу, оқу
процесінде жеке артықшылықтарын бағалау, нығайту арқылы оқуға
ынталандыру бойынша оқу процесін интенсификациялау;

білім алу процесінде қол жеткізген табыстарынан қуанышта
рын қамтамасыз ету, ынталандыруды әділетті жүргізу арқылы оқуға
ынтасын арттыру;

  • оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін
    ашып, дамытып, олардың оң, ізгі қасиеттерін дамытып, сапалы
    өзгерістерін жетілдіру;

  • оқу процесінде оқушьиіардыд жеке және жас ерекшеліктерін
    есепке алып, оқу процесін интенсификациялау:

  • оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттырып, сы-
    ныпта, ұжымда оқу процесіне ықпалын ұлғайтып, саналы және сапа-
    лы оқуға мән беру арқылы оқу процесін интенсификациялау;

  • мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың педагогикалық
    келісімділігін, бірлігін пайдалану арқылы оқу процесін жақсарту;

  • мектеп, ата-аналар, оқушылардың бірлескен, ынтымақтасқан
    қозғаушы күшін тиянақты дамыту, оқу процесін жетілдіруге
    бағыттау.

Егер оқу процесінде оқыту заңдылықтары ғылыми тұрғыдан жеткілікті негізделген десек, онда ол оқу процесін ұйымдастыруда басты талаптар болып есептеледі, оны жүзеге асыру бойынша табысты оқытылу орындалады деуге болады. Педагогикадағы дидактикалық принциптер сауатты, ойластырылған мақсатқа сай іске асырылса, оқу процесін интенсивті өткізуге негіз қаланады.

Маңызды дидактикалық принцип, әрине, ғылымилығы ол оқу процесін интенсификациялауды жүзеге асыруға ерекше негіз болып табылады, жеке пәндер бойынша мектепте оқытылатын материалдар ғылыми теория, ұғым, фактілер жүйесі, жүйелі тәсілдеме ретінде иайданылуы сабақтың тиімділігін арттырады. Ең алдымен оқу материалдарын таңдап алу, оны жүйелеу, ретін байқау, кажетті мәліметтерді салыстыру, өтілген оқу материалына негіздеу, байланыстыру, жинақтаған. игерген біліміне сүйену арқылы оқыту әдістерін қалап алу мәнді интенсификациялауға жеткілікті болады.

Оқу процесінің интенсификациялануына оқыту процесінің көрнекілік принципі жеткілікті дәрежеде сапаландыруға ықпал етеді, оқытудың техникалық құралдары. мультимедия бағдарламалары, компьютерлерді бірін-бірі толықтыра үйлестіре пайдалану, мол оқу-әдістемелік электрондық материалдарды пайдалану, сондай-ақ, әрине плакаттар, графиктік материалдар, диаграммалар, приборлар, аппаратура, жабдықтар, модельдер, карталар, буклеттер, қолдан жасалатын эпифильмдер, транспаранттар, бейнефильмдер, телефильмдер, аудио және видеожазбалар, т.б. сабақтың тақырыбына қатысты қолдан жасалған, монтаждалған, біріктіріліп түсірілген пәнге қатысты материалдар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-әдістемелік журналдардан алынып, сызылған материалдар, тәжірибелер жасалып, түсіріліп алынған мол материалдарды таңдау арқылы пайдалану. Көрнекіліктерді түрлі-түсті етіп жасау, алдын-ала ойластыру, кеңесу, шәкірттерді қатыстыру оқу материалын игеруге жеткізеді, оқушыларды ретпен көрсетуге қатыстыру, кейде жаңа оқу материалдарын баяндау, түсінік беру сияқты сабақты өтуде мол түрлендіру, дәстүрлі емес сабақтар өту оқу процесін интенсификациялауға жеткізеді. Оқыту барысында біздің сезім мүшслеріміз қабылдаушы-талдаушыларымыз іске косылса, сезім талдаушыларымыз терең түсінуге, тиянақты білуге, есте ұзақ сақталуына, мұқият талдауға, тыңғылықты игеруге себепкер болады, олай болса оқу процссі интенсификацияланады, мақсатымыздың орындалуын қамтамасыз етеміз.

Оқытудың проблемалы сипатта болуы ойлау белсенділігін, теориялық білімді ұштау, практикада қолдана білу, оны терең игеруге қатысты өзін-өзі оқуға ынталандыруы бойынша оқу процесін интенсификациялауды қажет етеді. Оқушы оқу материалдарын игеруде проблемаларға кездеседі; ол алдына оны шешуге қатысты мәселелер мен міндеттерді қояды, міндеттерді табысты, ұтымды шешу үшін танымдық процесс, қызығушылық артады, ойлау белсенділігі күшейеді, сондықтан оқушы қосымша ізденіс жасайды, түрлі амалдар орындайды, қайталайды, пысықтайды, саралайды, талдайды, синтездейді, салыстырады, қорытындылайды, өзі пайымдау жасайды, өзін-өзі жетілдіреді, өзін-өзі міндеттейді, өзін-өзі ризашылық жасағанша оқу белсенділігін арттырады, әрекет әдетке, дағдыға айналады, ізденісті шығармашылық қалыптасады. Мысалы, физика және астрономия оқулығы VII сыныпта, физика пәні "Архимед күші" тақырыбын өтуде оқушыларға өмірден белгілі фактілерге негіздеп талдау жасау орынды: кейбір денелер: бөрене, қайық т.б. суда жүзеді, басқа денелер; металл, тас т.б. суға батып кетеді, металл бөлшектер суға батып кетеді, ал алып болаттан жасалған кемелер өзендер мен мұхит айдындарында емін-еркін жүзіп жүреді. Мұны қалай түсінуге болады? Келтірілген мысал балалар алдына сұрақ-жауап беруге проблема туындатады, білімдеріне сүйенуге ұмтылыс жасайды, оларды танымдық проблема білуге, үлкен ғылыми әлемге алып келеді, оқуға-білуге әрекет жолдарын іздестіреді. Оңай тәжірибелерді көрсету, белсенділіктерін арттырып, жаңа оқу материал игеруге ынталандырады, тәжірибе, теория, көрсетулер "жаңалық ашуға" ойша талдау жасауға үйретеді; осылай оқу процесін интенсификациялауға жақындатады.

Белсенділік және саналылық- маңызды дидактикалық принции, оқу матсриалын баяндауда, зерггелетін қубылыстарды саналыбелсен-ділікпен зсрделеу, шығармашынықпен игеруге негіз калайды. БіздІң қоғамның белсенді және саналы болашығын даярлауға бағытталған мақсат, оқу материалдарын зерделеу, әрине, саналы болғанда оқуға мән-мағына береді, тәртіпті, отаншыл азамат болуын, ертен қалаған мамандығына ие болуына негіз болатын білім игеру сапасына тәуелділікте екендігін ұғуында. Белсенділік пен саналық- басты құрал, тұлғаны тәрбиелеу және дамыту оқыту арқылы қалыптастырылады. Белсенділік пен саналылық оқыту процесінде оқу материалын зерделеу, бақылау сұрақтарын жауап беру, жаттығуларды сапалы орындау, есептерді шығару, компьютерде тапсырмаларды жасау, тест-тренинг жүргізу, практикалық жұмыстарды сауатты орындау табиғат, қоғамдық өмір құбылыстарын өзінше түсіндіруге, үйде қажетті тапсырмаларды дұрыс орындау, уақытқа да сапалы орындау үшін білімнің, іскерліктің, дағдының кажеттілігін ұға білуде.

Оқу материалын игеру - оны түсініктілік деңгейде ұғу, білу, теориялық ойлардың қолданбалы маңызын саналы жақсы білуге, игеруге, ұғуға және оларды практикада қолдана білуге жеткізеді. Оқу процесін интенсификациялау арқылы мұғалім оқу процесінде оқушылардың белсенділігін, саналығын туындатып, қолдап, қуаттау мәселесін ұтымды шешуі аркылы мақсатына жетеді.

Оқу материалын баяндауда, түсіндіруде, тәжірибесіне негіздеуде, біліміне сүйенуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет, бірлескен еңбек зая кетпейді, бірі-түсініп, бірі түсінбей қалмайды, оқу процесін интенсификациялау есепке алуды, жан-жақты ойластыруды міндеттейді.

Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігінде оқушылардың білімін тексерудің және бағалаудың орны бөлек: олар кейбір кемшілікітердің орнын толықтыруға, оқу материалдарын қайталап өзін-өзі бағалауға үйретеді. Оқытудың беріктігі білімнің негіздерін игеру, іскерлік және дағдылану бойынша анықталады, ол үшін оқу материалдарын ойлы, сабақтастықпен теориялық және іс-тәжірибелік бағытта игеру бекітілсе, қайталанылын пысықталса, екінші жағынан, оны үнемі толықтырып, жаңғырту қажет. Шәкірттердің терең, тиянакты білім алулары үшін, шәкірттердің білім деңгейлеріне қатысты оқу материалдарын жеткізу үшін ұстаз ғылыми, әдістемелік, оқу әдебиетін оқып, оқыту технологияларын игеру керек.

Оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функцияларының
бірлігі арқылы маңызды міңдеттср орындалады: оқушылардың
ғылыми білімдер жүйесі, практикалық іскерлігі және дағдылары дамытылады, ойлау қабілеті мен естері артады.

Ол міндеттерді жүзеге асыру ушін оқу сабақтарын өткізуге дайындалуда педагог нақты білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін шешеді.

1.1. Оқу процесінде оқыту принциптерін ісе асыру ерекшеліктері.

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670). Оның “Великая дидактика” кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

VI I ғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.

IX ғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.

К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамытуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский,С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәрапи Әлжанов т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.

Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балалардың сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Ы.Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтармен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануда ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қалада зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1922 жылы Ташкент қаласында («Түркістан ббаспасөз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі днп қарастырған. Оның 1917-18 жылдары Омбы қаласында курста қазақ балаларына, 1919-20 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнйы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жумабаевтің шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сократтың, Аристотелдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л.Рубинштейннің (1889-1960), А.А.Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой – пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

VI I ғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.

IX ғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.

К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамытуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский,С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.



Қалай оқыту керек Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.

Не үшін оқыту керек Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау керек. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтары дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту прблемаларын терең зерттеуге , педагогикалық озат тәжірибені жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесін енгізуге байланысты.

Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәсәлелер қарастырылады.



  1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.

  2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.

  3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.

  4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне;үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет