I-тарау. Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы


ІІ – тарау. Оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану



бет3/3
Дата22.06.2017
өлшемі0,95 Mb.
#19598
1   2   3
ІІ – тарау. Оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану.

2.1. Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы.

Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.

Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.

Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады. Кеібір автор оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуды ұсынып келеді. Заманауи принцитер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтіжелерді жоспарлау мен талдау) өз талаптарын ұсынады.

Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принціптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амл – тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтіжелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принйіптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтіжелі болары сөзсіз.

Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларды оқытудың мақсаты сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен – бірі логикалық өзара байланыста болады.

Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:


  • ғылымилық,

  • саналық пен белсенділік,

  • көрнекілік,

  • жүйелік пен бірізділік,

  • беріктілік,

  • тиімділік,

  • теория мен тәжірібесін байланыстылығы.

Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогикалық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжіребелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжіребеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдарану қажеттілігін ұсынады

Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцитерге сүйеніп шығармашылық танытсақойылған мақсатына жетері сөзсіз.

Ережелр принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактикалы принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат – міндеттерін іске асырады.

Біздің оқулықта ранайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық рөлі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеубірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері.

Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.

Ғылымилық принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптердің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны мұғалімнің іс - әрекетіарқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларды дүниеге диалектикалық, ғылыми материалистік көзқарас қалыптастырады.

Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:

- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму дәрежесінесәйкестендіру, жаңа әдістер мен жаңашыл ұстаздардың тәжіребесін қолдану.

- Оқушылардың ғылыми деалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.

- Шкірттеге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.

- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістерімен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітәппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру .

- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қапайым ұғымдармен берік тірде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.

- Ғылымдағы жаңалықтардың жан – жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.

- белгілі ғалымдардың өмір баянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.

Жүйелілік пен бірізділік принциптері
Бұл принцитің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсінілген жүйесін қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; Оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; Ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыс байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.

Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелінпен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.

- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.

- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.

- Оқу пәні – ғылымның көшірмесі боғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.

- Бұрын ұғымдарған білімді жүйе қайталыу және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.

- Тек тіл мұғалімдері емес барлық, педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.

- Әтбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.

-Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды бір сабақта «айлақ орлықпен» ұғындырмау.

- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білім жүйесін меңгеруін талап ету.

Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскидің «бүгін оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады» өсиетін нақтылай түседі.
Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның «тәжірибе – танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көтеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды: тәжірибе – ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірімен, тәжірибемен тығыс байланысты; теория мен тәжіибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне түрлеріне тәуелді; оқушылардың мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.

Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік.



  • Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушығы түсіндіру, сездіру.

  • Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адазат тарихындағы ғылыми білімдердің маңызын ашу.

  • Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймау, сол алған білімдерін өмірінде қолдана білуін қамтамасыз ету.

  • Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолджануды үйрету.

  • Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу өзіндік жұмысты орындауға және өз бетімен білім алуды үйрету.

  • Әр сабақта оқушыларға политехниқалық білім беру, туған жердің шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.

  • Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім – тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.

  • Тәжірибелік сабақтардың көмегімен теориялық қағидаларды, заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау.

  • Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде қалып қоймақ, мектептен тыс өмірімен, еңбекпен ұштасып отыру шарт.


Саналылық пен белсенділік принципі
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуғы ынталануы, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.

Саналылық пен белсенділік принцепін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелігін басшылыққа алады.



  • Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсуну саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.

  • Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән – мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.

  • Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушыларды білімі мен тәжірибесін негізге алу.

  • Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау.

  • Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.

  • Өз бетімен оқытуды үйрету, таным әрекетінің әдістері мен таныстыру.

  • Бас және қосалқы материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.

  • Оқушыларды ойлауға үйретіп, «неге» сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.

  • Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.


Көрнекілік принципі
Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олат заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды.бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктерде дәлелдеді. Мысалы, көру орғандары миға есіту органдарымен салыстырғанда 5 есесипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.

Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдеу, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.



  • «Алтын ереже»: көруге болатынды – көрсету, есіте алатынды – естіру, сезіне алатынның бәрін – оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу.

  • Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр – түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрә тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

  • Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірімен байланысын қамтамасыз ету.

  • Оқушылар тікілей түйсіну, көру, есіту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады.

  • Көрнекілік – көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады.

  • Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр – түсін байқап, көзімен көруге және әртүрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.

  • Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікілей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады.

  • Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады.

  • Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя беруге , абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады.

  • Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.

  • Көрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету керек.

  • Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.

  • Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылыөз орнында оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану.

  • Көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.



Беріктік принципі
Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшіноқушылардың білімдерінің берік болуы дауыссыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеру мен тынымдық дамуы, оқу процесінің өзара екі байланыстылығы; білім біріктігі оқушының мұғалімге , оқу пәнініе, жалпы оқуға деген суъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім біріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты, арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.

Осы принципті іске асыру үшін мұлім бірнеше ережелерді орындау қажет.



  • Оқушылар білімдерін сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемі ұйымдастыру.

  • Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың жадын зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету.

  • Жақсы түсінбегенді оқушының сақтауына жол бермей, тек саналы білімді жадында сақтату.

  • Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшін оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге машықтандыру.

  • Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабараториялық – практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Оқуға білімге ынта – ықылас, қызығушылық, мұғалімнің өзіне сенімі болса, оқушылардың оқу – таным әрекеті еректі, қуанышты болып, білімдері ұзақ уақытқа дейін сақталады.

  • Білімнің біріктілігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу сабақ кезінде бос не басқа нәрселер мен шұғылданып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.

  • Логикалық түрде берілген, алынған қайталанған білімдер мен біліктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берік екенін ұмытпау.

  • Оқушылардың еректі және іріксіз зейінін тиімді пайдалану: тікелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тәртіпке шақыру орнына мысал мақал – мәтелдерді қолдану.

  • Оқушылардың алған білімдерінің беріктілігін нығайтудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін (сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктерін, техникалық құралдар, оқу ойындары, пікір таластар) іске асыру.

  • Жаттығуларды орындаған кезінде оқушылар шаршауының алдын – ала.

  • Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру.

  • Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге бейімдеу.

Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру – оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте сақталуы, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету.

Сәйкестік принципі

Бұл принцип ғасырлай бойы жинакқталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке – дара қарауңды талап етеді.

Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар : оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл – ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтардыжою баланың мінез құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен нәтіжелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді.

Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:



  • Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп оқыту.

  • Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау.

  • Балалардың ақыл – ойы, қабілеттері мен мүмкінділіктері әртүрлілігін оқыту.

  • Оқуда барлық оқушылар табысқа бірддей жетуі талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену.

  • Оқушыларның жас ерекшелігіне сәйкес әдістерді анықтау.

  • Оқушылардан мүмкін емсті талап етпеу, тапсырма өте жеңіл де, өте қиын да болмауын ойластыру.

  • Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту мақсатын көздеу.

  • Жаңа күрделі материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа және нашар оқушыға сүйеніп оқыту.

  • Ең күрделі білімді игерту үшін аналогия, салыстыру, теңдестыру, қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын қоздыру.

  • Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсіндіру қиын болғандықтан, әртүлі пәнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрінісін айқындау, методологиялық білімдерді сіңірту.

  • Баяу асығыңыздар! Қажетсіз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас және дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.

  • Сәйкестік мұғалімнің әнгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылығына тәуелділігін ұмытпау.

  • Сәйкес жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, бірақ оқушыға өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету.

  • Сәйкестік еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сайкестігі кедергісі төмендейтінін ұмытпау.

Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алу шарт.

Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы Константин Дмитриевич Ушинский былай деген: «Педагогиканың кең табаны мен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидактикасы том-том болуы мүмкін, университетте лекция оқу дидактикасын екі сөзбен айтуға болады: «өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір». Осы бұлтартпас шындықты түсіндіре келіп, Ушинский: «Білім алатын оқушылардың жасы неғұрлым кіші болса, оларды тәрбиелейтін тәрбиешіден соғұрлым көбірек педагогикалық таным талап етіледі және бұл талап оқушылардың жасына байланысты көбеймей, азаяды». Бұл педагогикалық аксиоманы біз толық меңгеріп, білім саясатын жасағанда және 12-жылдық мектепке өтуді жүзеге асыруда ескеруіміз қажет.




Қорытынды.
Қазақстан Републикасы президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің қазақстандықтарға Жолдуында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуметін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндірілген. Адами ойлау – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз.

Мектеп оқушылары ғылыми қоғамының негізгі міндеті – сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстарды оқу – тәрбиелік үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейде көтеру. Оқушылардың ғылыми қоғамын құру үшін мектепте белгілі бір дәрежеде дайындық жұмысы өту керек: пәндік апталықтар, білгірлердің, эрудиттердің ойын байқауы, пәндік олимпиадалар, шығармашылық көрмесін, бейнелеу өнерінің көрмесін өткізу, әлеуметтік зерттеу арқылы қоғамдық мақсат бағдары мен балалардың қабілеттілігін анықтау. Түрлі шаралардың жеңімпаздары қоғамның негізгі мүшелері болып табылады. Осы іс-шаралардың барлығы дерлік мектепте өткізіледі. Атап айтқанда, ғылыми жобалар сайысына оқушылар жылда қатысып отыруы керек

Оқушыларды ізденуге, білуге, талпынуға, ойын қозғап таным көз-қарасын қалыптастыру үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Ал оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыратын тарсырмалар беру тиімді.

Сабақ сапасының нәтижелі, ұтымды болуы сабақтың ғылыми – теориялық жағынан жоғары деңгейде болып, мазмұны ғылыми жаңалықтармен толықтыруына байланысты. Ондай шығармашылық жұмыс белгілі нәтиже береді.

Бұл үшін үздіксіз ізденіп өмір талабынан артта қалмай, замана көшіне ілесіп отыруы қажет. Демек, оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Демек оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Яғни оқушы тек білім алып қана қоймай, ол сабаққа қызыға қатысып, белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасап отыру қажет.

Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастыары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған мұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне;үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:


  1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды ) анықтау.

  2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.

  3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

  4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

  5. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.

  6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әректінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидиактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотивы мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады .

Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш сыныпты оқытудың дидактикалық принциптері мен заңдылықтарын дұрыс және тиімді етіп қолдану әрбір мұғалімнің тікелей және басты міндеті болып табылады. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ең басты міндет – балардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, яғни сабақты қызықты түсінікті өту.

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» дегендей, білім ордасында әр бала жаңаша өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте олар білім алып қана қоймай, халық педагогикасы негізінде тәлім – тәрбие алады.

Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. Оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ, қоршаған ортаға, әсіресе ата-аналар мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жас бүлдіршіндерді саналы, тәрбиелі, мәдениетті, жоғары білімді етіп тәрбиелеуге ат салысайық ағайын.


Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, Қазақ университеті, 1989.

  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 1991.

  3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 1985.

  4. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А.,1991.

  5. АйғабыловаН. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – А., Өнер. 1972.

  6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.

  7. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие бері. /Методикалық нұсқау. А., 1990.

  8. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А.,1992.

  9. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. – А., 1999.

  10. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. – Шымкент 1994.

  11. Әбиев Ж. Жаңа адамда қалыптастыру. – Алматы, 1988.

  12. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. – Алматы, 1997.

  13. Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі , 1959. №3.

  14. Әбілова Зоқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – А., 1972.

  15. Әбілова З. Этнопедагогика – А., 1997.

  16. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз.мем. 1-1996.

  17. Богословский В. т.б. Жалпы психология – А., Мектеп, 1980, 13 тарау.

  18. Бержанов Қ, Тәрбие мен оқытудың бірлігі. – Алматы, 1973.

  19. Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976.

  20. БарановС. Принципы обучения. – Москва, 1975.

  21. Бабанский Ю. Педагогика. – Москва 1988.

  22. Дүйсенбинова Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт //Қазақстан мектебі. 7-1991ж/

  23. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. А., Мектеп, 1975.

  24. Жас ұрпаққа дамгершілік эстетикалық тәрбие беру концепсиясы. //Қазақ мұғалімі, 1-тамыз 1989.

  25. Жақыпов А. Өнеге өрісі- А., Мектеп, 1975.

  26. Ильина Т. Педагогика. Москва, 1984.

  27. Иванова Н., Қозғанбаева М. Оқыту процесінің мәні. – Алматы, 1991.

  28. Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. Алматы, 1991.

  29. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы, 1983.

  30. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысы,- Алматы, 1973.

  31. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1990.

  32. Көпжасарова М. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда коллективизмге тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1978.

  33. Көшекпаев Н. Оқыту теориясы. – Алматы, Мектеп, 1976.

  34. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана,1998.

  35. Лемберг Р. Оқыту әдістері. Алматы, 1958.

  36. Лернер И. Дидактические основы методов обучения. Москва, Педагогика,1981.

  37. Макаренко А. Ұстаздық дастан. Алматы, 1985.

  38. Макаренко А. Ата-аналар кітабы.Алматы, 1985.

  39. Мурзалин С. Рухани байлық. Алматы, Казақстан, 1988.

  40. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. Алматы,1981.

  41. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, Білім, 1994.

  42. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы, 1991.

  43. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1975.

  44. Основы внутришкольного управления.(Под ред.П.В. Судоминского) Москва, Педагогика, 1987.

  45. Положения о ретинго-тестовой контроля качества знания, навыков и умений студентов. Алматы, Казгумя, 1996.

  46. Подласый И. Педагогика. Москва, 2000.

  47. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 1999.

  48. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986.

  49. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991.

  50. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. Алматы, 1991.

  51. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет