I-тарау. Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы


Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Оқыту мазмұны



бет2/3
Дата22.06.2017
өлшемі0,95 Mb.
#19598
1   2   3

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Балалардың өзіндік дамытуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекетті.Сөйтіп, оқыту процесі –мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынас, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқару) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту–бұл күрделі процесс.Ол тұлғаға білім беру,тәрбиелеу және ақыл –ойы мен творчестволық қаблетін,демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.Мұның мәнісі,жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде,оқыту процесінің бірінші қызметі -оқушларға білім беру.Білім беру,біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктер –мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айланасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екінші қызметі –тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды

теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұнымен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбиемен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек , тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі-дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шындалып, қабілеттерінің артынуына оң әсер етеді. Демек , тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670). Оның “Великая дидактика” кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәрапи Әлжанов т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.

Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балалардың сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Ы.Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтармен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануда ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.



Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қалада зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1922 жылы Ташкент қаласында («Түркістан ббаспасөз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі днп қарастырған. Оның 1917-18 жылдары Омбы қаласында курста қазақ балаларына, 1919-20 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнйы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жумабаевтің шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сократтың, Аристотелдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л.Рубинштейннің (1889-1960), А.А.Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой – пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.

Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау керек. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтары дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту прблемаларын терең зерттеуге , педагогикалық озат тәжірибені жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесін енгізуге байланысты.

Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәсәлелер қарастырылады.



  1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.

  2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.

  3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.

  4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне;үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі.

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күшқайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.



Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс-тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту- таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам)және адам дамытуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған,зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым ьарихы мен, оның әдістері мен танысу, ұлы ғалымдар мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту- даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Балалардың өзіндік дамытуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекетті.Сөйтіп, оқыту процесі –мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынас, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқару) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту–бұл күрделі процесс.Ол тұлғаға білім беру,тәрбиелеу және ақыл –ойы мен творчестволық қаблетін,демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.Мұның мәнісі,жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде,оқыту процесінің бірінші қызметі -оқушларға білім беру.Білім беру,біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктер –мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айланасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі –тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұнымен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбиемен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек , тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі-дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шындалып, қабілеттерінің артынуына оң әсер етеді. Демек , тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрәжеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып санлса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.



3. Педагогикалық процестің құрылымы

Педагогикалық процесс-тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процесс- бірнеше элеметтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат-принциптер-мазмұн-әдістер-құралдар-түрлер.

Мақсат-ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн-мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірбиесінің бөлігі. Әдістер- мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру- қабылдуға арналған іс-әрекеттері. Құралдар- мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық процестің әдістемелік жүесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысылы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалуы, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.

Педагогикалық процестің психикалық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).

Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастыары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған мұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:


  1. Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.

  2. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

  3. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал- тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

  4. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

  1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды ) анықтау.

  2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.

  3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

  4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

  5. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.

  6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидиактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотивы мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады .

Түрткі-әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды.

Мақсат-әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды.

Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі -қызығу .

Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, олврға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.

Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың ішінен мына төмендегідей үш процесті атап көрсеткен пайдалы:



  1. Оқу материалының мазмұны (ондағы жаңалықтар, қазіргі ғылым мен техникадағы жаңа табыстар, оның прктика үшін пайдасы т.б.).

  2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесінің ерекшелітері (оның әдістері мен формалары т.б.). Мысалы оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың творчестволық және практикалық жұмыстарды өздігінен орындауы, көрнекі құралдары мен техникалық құралдар т.б.

  3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі, ақ жарқын болуы, оқушылардың бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т.б.

Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау.

Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдадан басталады. Ал, түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелуін түйсік деп атайды.

Білімді жан –жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау- бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Ұғыну –бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну прцесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.

Ұғым, қарапйым және ғылыми ұғым екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп-білгендерінен туатын әртүтлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.

Ұғымның қалыптасуы-өте күрделі процесс, ол –оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды тлап етеді. Ойлау-талдау (анализ), синтез, дерексіздендіру (абстракция), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Оқушыларда ұғымды қалыптсатыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдануға үйретеді.

Абстаракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қаруды айтады.

Білімді бекіту.

Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.

Бекіту- бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін бекіту әт түрлі практикалық, лабороториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.

Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері бар. Өтілген оқу материалын бөліктерге қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.с.с.



Білім мен дағдыны практикада қолдану.

Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді прктикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегеннен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші-білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі-жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабороториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.

Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.

Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен қатар бір жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі (тоқсан және жыл аяғында) дербес буын ретінде қолданылады.

Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол –оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.

Оқыту процесінің жоғарыда айтылған буындардың маңызы мен орнын бөлуімен қатар, олардың бімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтап білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол – қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.



1.2. Дәстүрлі емес оқыту жүйесінің дидактикалық принциптерінің мәні.

Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына өсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктердың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктерге сүйене отырьш, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

XVII ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.



Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. "Жаман" мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді" деген.

Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.

Осылай бола тұрғанмен, "дамыта оқыту" деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі "дамыта оқыту" ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және "дамытпайтын оқыту бола ма? деген сұрақтар жиі қойылады.

Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, "дамудың соңында жүрсе", ал екінші жағдайда "окыту дамуды өзімен бірге ала жүреді" деген Л. С. Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімінің көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.

"Дамыта оқыту' деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, A. A. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Галъперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.

Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары "дамыта оқыту деп — оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму зандылықтарына сәйкестендірілген оқытуды" атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жана құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі — баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті.

Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.

Оқыта отырып дамыту мөселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі больш қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-60 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесің мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өpicтeп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді.

Л. С. Выготскийдің теориясы Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субъект ретінде дамуына арналған. тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту — дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгергіштігі субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның "Мен" деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың сонына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларынын талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты катаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая береді. Өйткені дәстүрлі мектептің максаттарын шешу үшін мұғалімнің айтқанын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.

Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:

1. Үлгіні көрсету

  1. Түсіндіру

  2. Бақылау, бағалау.

Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тындату, балаға оқыту т.б.

Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тындап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  3. Шешімнің дұрыстыеын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау аркылы жузеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім онын дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған енбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін корытындылауға үйренеді.

Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің катысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.

Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың "басқарушылар мен орындаушылар" түріндегі рольдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні — оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді.

Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып етелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.



-оқыту мазмұнындағы өзгешелік егер;

-мақсаттағы айырмашылықтар;

-дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

-әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;

-оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

-мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

-мұғалім мен оқушы арасындағы жанаша қарым-қатынастар.

Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінін дамуы алынады.

Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамнын ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байкаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Мазмұнындағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамасыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта ұсынылады. Бұл жүйе бойынша "негізгі, қосымша" пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады. Және олар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады. Л. В. Занков жүйесі дәстурлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптсрге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.

Жүйедегі бүгінгі күннің өлшемімен қарағанда айрықша көкейтестілігімен ерекшеленетін принцип, жоғары қиындықта оқыту - принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.

Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткаларды бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың кызметі төмендеп, бара-бара семе беретіндігіне көзімізді жеткізеді. Ғылымға белгілі әртүрлі себептермен аңдар арасыңда қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауының басты себебі де осы болар.



Айтылғандарды корыта келе, бастауыш сынып оқушыларының каркынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз.

Дәстүрлі педагогикада "қарапайымнан күрделіге карай, нактыдан абстрактіге қарай" деген принцип бар. Дамыта оқьлу жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: "А" әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, фор-масы кандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білуін баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі жүйе арасындағы тағы да бір қарама-қайшылықтардың мәні мынада. Дәстүрлі педагогикадағы "оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді" деген қағида төңірегінде. Л. В. Занков бұл анықтаманын көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің ескерілуінің керек екенін жокқа шығармай, дегенмен әр даму кезіндегі жас ерекшелігінің оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға карай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жете бастаған сияқты.

Бұл принциптердің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне тәжірибе барысында көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б. Шоу адамды қызған сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды. Бізге қажеттісі де осы.

Дамыта оқыту жүйесінің манызды принциптерінің бірі - теориялық білімнің жетекші рөлі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

1970 жылдардың басынан бастап жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмпирикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеует бар екені дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардын танымын тереңдететіндігі анықталды. Бір-екі мысалмен түсіндіре кетейік: дәстүрлі сабақтарымызда жыл мезгілдері туралы сөз еткенде, біз ешқашан жазда жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығының неге байланысты екеніне токталып жатпаймыз. Тек жыл мезгілдерінің сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Осы сабақтарда балалардың эмпирикалық білімдерін пайдалана отырып, коршаған орта мен өмір зандылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру, олардың танымдық үрдістерін, теориялық ойлауын іске косатын амал болып табылады.

Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.

Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз.

Л. В. Занков жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптың мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада, материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді косьш қайта айтып берумен қайтарылады. (Балалар қайда барды? Балалар мектепке барды. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар).

Дамыта оқыту жүйесіндегі койылатын сұрақтар проблемаяы, ойлауды, пайымдауды кажет етеіңдей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" немесе "4" және "5" сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.

Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау - бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект денгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.

Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі — салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты", - делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.

Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К. Д. Ушинский: "...салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі", - деген.



Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.

Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.

Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айкындатудың бала дамуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз — заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі. Осы орайда жаңа буын оқулықтарында салыстыруға берілген тапсырмалардың мол екенін айта кеткіміз келеді.

Байқау - қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау арқылы іске асады. Дегенмен, практикада байқампаздыққа үйрету көп жағдайда үстірт жүріп жатады. Мәселен серуенге шығып тұрып, табиғаттың тек сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Ал алысырақ, қалтарыста тұрған көзге көріне бермейтін детальдары назардан тыс қалып қалады. Осыдан барып қарап тұрып өмірде ешнәрсені байқамайтын адамдар қалыптасады. Мұндай кемшілік олардың рухани өмірінің кедейленуіне әкеліп соғады. Ондай адамдар көп жағдайда ұтылыста қалады. Белгілі ақындар мен ғалымдардың, суретшілердің байқампаздык қабілеттерінің жоғары болуы тектен-тек жағдай емес. Мысалы өзі туралы Чарльз Дарвин өмірбаянында "...мен басқалардан ерекше ақылдылығыммен, ой жүйріктігіммен емес, кейбір адамдар көре бермейтін назардан тыс нәрселерді байқап, талдай алуыммен ерекшеленемін", - деп жазған екен. Сабақтарда баланың байқамай калуынан жіберілетін қателер қаншама. қойылуы шарт емес. Балалар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып, нәтижеге жетіп, еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.

Бұған керісінше, кеңестік қоғам кезіндегі процент қуушылық "толық үлгерімге" қалайда жету тенденциясы, "екіліксіз оқыту" сияқты зиянды ұрандар оқытудың нәтижелі болуына кері әсер еткенін жоққа шығара алмаймыз. Оқушылар білімінің бағасы мұғалімнің, мектептің, мектеп басшысының жұмыстарының нәтижесі түрінде қабылданды. Сол себепті неғұрлым жақсы және көп баға қою жарысқа айналды. Баға бала білімінің нақты көрсеткіші болудан бірте-бірте қала береді. Және әдетте сол бағалар сабақ соңында, қоңырау соғылып жатқанда қойылып жатады. Мұғалім бұл кезде бала білімін көптеген ішкі және сыртқы факторлар нәтижесінде бағалауға орын береді. Мәселен: мұғалімнің көніл-күйі, балаға деген қалыптасып қалған козқарасы т.б. Сондықтан бағаның дұрыс койылмауы нормаға айналған жағдайы бар. Бұл жағдай әлі де орын алып отыр. Ал әділетсіз қойылған баға балаға кері әсер етіп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, сабаққа деген ынтасының болмауына әкелетіні белгілі. Демек, бұл ойландыруға тиісті мәселе деп есептейміз. Бала білімін бағалау өте жауапкершілікті талап етеді және бұл істе формализмге жол беруге әсте болмайтындығы ескерілуі керек.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сиякты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталса, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденді.

Ендігі тоқталып кетуді қажет ететін ерекшелік мұғалім жұмысының нәтижелілігінің көрсеткіші. Дәстүрлі оқытуда ұстаз еңбегінің "жатықтығы" мұғалімнің қойған сұрақтарына балалардың тез дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауларымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенетін. Ал баланың ішкі жан-дүниесінде не болып жатқандығы, онын ойы, сезімдері мұғалімді ойландыра бермейтін. Оған мүмкіндік те аз.

Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері болып ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені саналады.

Енді оқушының оқу әрекеті жайлы бірер сөз.



Соңғы жылдары философияда, психологияда әрекетті адамды зерттеудің әдіснамасы деп қарастыруда .Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс-әрекеті, оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап келе жаткан адамдармен тығыз байланыста өтеді. Олармен бірге өмірді ұғынып, күнделікті тіршілік мәселелерін шешеді, болашақка жоспарлар құрады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгілері: ойын, оқу, еңбек. Олар жас мөлшерлерінің әр кезеңінде әр түрліше көрінеді.

Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақы-ойының дамуында зор роль атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың, интеллектінің дамуы,қи алуға үйрену" бүгінгі күннің басты талабы.

Бастауыш мсктеп оқушыларының оқу әрекеті ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.

Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста, рольдік, сюжеттік ойындар кезінде байқала бастайды. Мектеп алды топтарда балалардың қоршаған дүние жайлы қызығушылықтары артады да, оның танымдық, қажеттіліктері молаяды.

Мектепте қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.

Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім, оқушының кажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы, ішкі түрткілср пайда болады. Сананы билеген ішкі күштер әрекеттің амалдарын, орындаудың құралдарын белгілеуді, таңдауды талап етеді.

Оқу әрекеті деп білім, білік атуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған әрекет теориясының психологиялық негізін Б. Г, Ананьев, Л. С. Выготский, А. И. Леоньтев, A. P. Лурья, С. Л. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш. А. Амонашвили, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, П. Е. Гальперин, т.б. зерттеулерінде қарастырылды. Жоғарыда аталған авторлар әрекетті өмірдің бірлігі деп қарап, оның төмендегідей ішкі құрылымдарын белгілейді.



Қажеттілік — мотив - мақсат - құрал - әрекет -нәтиже.

Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.

Қажеттілік - иңдивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімінің, тәжірибесінің, баска да өлсумепік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі.

Мотив - ынта-ықыластың аууы.

Құрал — әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын тандау.

Әрекет - іс-қимыл, құрал. Ол ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жузсге асады.



Нәтиже - өнім.

Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.

Оқушының дамуының нсгізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.

Аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив әрекет етуге итермелейтін басты күш. Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты кажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтызарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Дұрыс тандалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс-амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Дамытушылық сабақтарында бала осылайша өз ақыл-ой денгейі, белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып, рефлексия жасалады.

Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы — баланың жеке басын дамытудың басты кепілі.

Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

  • баланың бойындағы кұмарлығын, кызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

  • білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын тандай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдарын қайта қарағаны дұрыс.

Салыстырмалы түрде сипаттай кетсек. Дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері ұшан-теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей, тып-тыныш отырып тыңдау керек. Ол "тек мен ғана дұрыс түсіндіре, ұғыңдыра аламын" дсп есептейді. 11 жыл бойы осылайша оқып шыққан азаматты көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. "Әзірге-мәзір", өмір сүруге дайындығы да шамалы адам болатындығымеи келісерсіздер. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім — ақылды, бірақ, барлығын өзі айтып бере салмайды, ол-өз пәнін (пәндерді) өте жетік біледі, бірак өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Білімділігін баланы қорқытудың, оған үстемдік етудің құралы етпейді.

Демек, мұғалім мәселе кояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы коғам, ғылым шешіп қойған, бірак ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады.

Практик-мұғалімдердің: «Балалардың пікір-таласын, ой бөлісуін тыңңдап отыратын уақыт қайда, адамзат баласының ғасырлар бойғы жинақтаған білімдерін оқушы калай өз бетінше үйренуі мүмкін?» — деген қарсы сұрақтарын естіп жүрміз.

Бұған айтарымыз дайын үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеттері шектеліп, табиғи мүмкіндіктері жойылады. Ал әр сабақ (тіпті үйде, балабақшада) сайын ізденуге үйренген бала, кез келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Ондай сыныптарда белгілі бір мәселе теңірегінде пікір алмасулар көп уақыт та алмайды, қайта оқуяықтан, бағдарламадан тыс дүниелер тураіы хабарлар алуға, таным көкжиегінін тарылмай. тарқай түсуіне жол ашады.

Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне тоқталып кеттік. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет